Шымкент қаласындағы Dendropark Business-3 ТК сатылымға дайын!
27 ақпан 2023
-087.jpg)
Өткен сенбіде Шымкенттегі Dendropark Business-3 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер сатылымға шықты.
Жоба Төлеметов көшесінің бойында, әйгілі дендросаябаққа өте жақын орналасқан.
Жанында №56 балабақша, физика-математика бағытындағы НЗМ, тарихи-өлкетану мұражайы, хайуанаттар бағы, Grand Park Shymkent сауда ойын-сауық орталығы, Nauryz Park СОО, көптеген саябақ пен Тұлпар көлі орналасқан.
Шығыс стилінде салынған, жабық әрі қауіпсіз ауласы бар жаңа заманауи кешенде 104 пәтер сатылымға шығарылды. Құрылыс компаниясы мұнда спорт алаңы, жаттығу алаңдары, балалар мен ересектерге арналған демалыс орындары, «су тұманы» салқындату жүйесі мен «құрғақ фонтан» жүйесін салған.
Жобаға BI Green экологиялық акциясы аясында бұрын түрік хандарының бақтарын абаттандырумен айналысқан тәлімбақ дендрологтары шақырылды.
Пәтерге саусақ ізі, код, смарт-карта және механикалық кілт арқылы кіруге болады.
Тұрғын үй кешеніне өзін 18 жыл бойы нарықта кәсіби тұрғыда танытқан, еліміз бойынша 5,9 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсететін BI Service Басқарушы компаниясы қызмет көрсетеді. Компанияның 80 мыңнан астам қазақстандық клиенті болып табылады.
BI Group шымкенттіктер үшін Бақыт министрлігінің қызметін енгізіп үлгерді, оның басты мақсаты – тұрғындардың ынтымағы мен тату-тәтті көрші болуларын дамытуға бағытталған демалыс пен ойын-сауық шараларын ұйымдастыру.
Компания Dendropark Business-3 ТК құрылысын 2024 жылдың тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Толық ақпаратты сату бөлімінен, ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram желісіндегі @bi.group.shymkent парақшасы мен компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан алуға болады. Сонымен қатар сату BIG App қосымшасында сатып алуды ресімдеп, Үлестік қатысу шартына онлайн-режімде қол қоюға болады.