Шымкенттегі дендропарк жанында жаңа үй тапсырылды

        10 қаңтар 2023

        Жаңа жылдық мереке күндері 54 отбасы Шымкенттегі Dendropark Business-1 тұрғын үй кешенінің жаңа қоныстанушылары атанды.

        Жоба Төлеметов көшесінің бойында орналасқан. Үй атауы оның басты артықшылығын айшықтайды: Шымкент дендропаркіне жақындығы. Жаяу қол жетімділікте №56 балабақша, физика-математика бағытындағы НЗМ, тарихи-өлкетану мұражайы, хайуанаттар бағы, Grand Park Shymkent және Nauryz Park СОО, көптеген саябақтар мен «Тұлпар» көлі бар.

        Клиенттер бұл орынды жоғары бағалады:

        «Тандауымыз саябақ жанындағы үйге түсті. Балаларымыз кішкентай, сондықтан жиі серуендейміз. Енді біз далаға қуанышпен шығатын боламыз», - дейді меншік иесі Луиза.

        Dendropark ТҮК-тің архитектурасында шығыс стилінің ұлттық элементтерімен үйлескен заманауи эклектика мен көп деңгейлі даму принципі қолданылған.

        Аула кеңістігі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Көгалдандыру тәуліктің кез келген уақытында бос уақытты ыңғайлы өткізуге мүмкіндік беретін көлеңкелі аймақтарды қамтамасыз етеді. BI Green экологиялық акциясы аясында құрылыс салушы бұрын сарайлардың бақтарын көгалдандырған әйгілі түрік тәлімбағының мамандарын арнайы шақырған. Мұнда арша, үйеңкі, қарағай, кипарис, бозарша, көк шырша, бөріқарақат, қазтабан, каштан сынды ағаштар мен бұталардың түрлері отырғызылған.

        Жабық және қауіпсіз аулаларда: спорт алаңы, workout аймақтары, балалар мен ересектерге арналған демалыс орындары қарастырылған.

        ТҮК холлдары табиғи мәрмәрден жасалған және жұмсақ күту аймақтарын, арбалар қоятын орындар мен кіреберістерді қамтиды.

        Dendropark-тың тағы бір артықшылығы – пәтерлердің жақсартылған қара әрлеуде тапсырылуында. Жөндеу жұмыстары еденді мен төбені дайындаудан, электр сымдарынан, қабырғаларды әрлеуден және жылыту жүйесін орнатудан, сондай-ақ кіреберіс есіктерден тұрады.

        Құрылыс салушы соққы шуының таралуын бөгейтін «қалқымалы еден» және дыбыс сіңіретін пәтер аралық қалқа қолданылатын Аcoustic Pro технологияларын пайдаланған.

        BI Group компаниясы құрылыста белсенді қолданатын «ақылды» технологиялардың арқасында пәтерлерге төрт жолмен: саусақ ізі, код, смарт-карта, механикалық кілтпен кіруге болады. IP домофониясы клиенттерге күзетпен байланысуға, келушілермен сөйлесуге, бақылау камераларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

        Қосымша опция  қатарына таза әрлеу және Connected home жүйесі жатады. 

        Бірінші қабаттарда витражды әйнекпен, биік төбелермен, еркін жоспарлауға болатын коммерциялық бизнес бөлмелер қарастырылған.

        Dendropark Business-1 тұрғын үй кешенін BI Service басқарушы компаниясы басқарады. Ол өзінің кәсібилігін18 жыл ішінде нарықта танытып, бүкіл ел бойынша 5,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсетіп келеді.

        Шымкенттіктер үшін BI Group Бақыт министрлігінің қызметтерін ұсынады, оның негізгі мақсаты - бос уақытты тиімді өткізу мен тұрғындар арасындағы тату көршілікті дамытуға бағытталған ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру.

         «Бизнес» санаттағы бірінші кезекте жалпы саны 162 үй тапсырылады және сатылымда бос пәтерлер бар.

        Толық ақпаратты 360 нөмірі бойынша, іnstagram-дағы @bi.group.shymkent ресми парақшасынан немесе компанияның https://bi.group/ru/ сайтынан алуға болады. Шымкенттегі сату бөлімі Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайы бойынша орналасқан. Сондай-ақ, online-режимде сатып алуды ресімдеуге және BIG App қосымшасында ДДҚ-ға қол қоюға болады.

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.