Бір рет шерту арқылы екінші дәрежелі тұрғын үйге қол жеткізу: блокчейн технологиясы қазақстандықтар үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтуде

        3 ақпан 2023

        Оңтүстік астанада жылдың басты tech-оқиғасы – Digital Almaty 2023 «Жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» форумы аяқталды.

        Қазақстанның цифрлық рейтингтері

        Спикерлердің ақпараты бойынша:

        ·       БҰҰ-ның бағалауынша, біздің еліміз электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемде 28-ші, ТМД-да 1-ші орында;

        ·       онлайн қызметтер рейтингінде 8 орын;

        ·       мемлекеттік қызметтердің 94% онлайн режимінде ұсынылады;

        ·       1100-ден астам қызмет автоматтандырылған.

        Форумға еліміздегі IT-дің дамуында елеулі үлес қосқан 100-ден астам инновациялық жауапты жеке компания қатысты. Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға арналған FinTech, Smart City, EDtech, gamedev, it, 5G, SaaS, Blockchain, big data, MedTech, Logistic&Travel салаларында өз әзірлемелерін ұсынды.

        Екінші дәрежелі жылжымайтын мүлік нарығына арналған жаңа IT өнім

        ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен өткен пленарлық отырыста ұсынылған жобалардың бірі - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Freedom Finance банкі мен BI Group құрылыс компаниясы әзірлеген блокчейн-өнім.

        Енді меншік құқығын тіркеуде қолданылатын блокчейн технологиясының арқасында қазақстандықтар екінші дәрежелі тұрғын үйді онлайн-режимде сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

        Онлайн тіркелудің артықшылықтары

        ·       Уақытты үнемдеу. Офлайн режимде пәтерді ипотекаға сатып алудың толық циклі 28 күнді талап ететін болса, оnline режимде бұны жүзеге асыру 8 сағаттан аспайды;

        ·       Ресурстарды үнемдеу. Бастапқы тұрғын үйді сату процесіне блокчейнді енгізу ХҚКО - ға жүктемені 5 есеге азайтты;

        ·       Шығындарды үнемдеу. Нотариуссыз ресімдеу, мәміле құнын 10 есеге – 40 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейін қысқартады. Кем дегенде, жобаға қатысушылар 2023 жылы нотариустардың қызметтеріне 400 млн теңге үнемдейді;

        ·       8700 жылжымайтын мүлікті тіркеу және 90 мыңнан астам кепілдік қашықтан ресімделді.

        Енді сатып алу-сату шартына электрондық қол қоюға негізделген екінші дәрежелі жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңа бірегей сервисті ескерсек, мәміле циклі одан да ашық, қауіпсіз және цифрлық болады, - деді BI Development компаниясының бас директоры Амангелді Омаров.

        Жаңа өнімге арналған платформа

        Бұрын әзірлеме тек B2C форматында, яғни әзірлеушінің бастапқы жылжымайтын мүлігі үшін қол жетімді болса, қазір ол C2C-ге, яғни жеке тұлғалар арасындағы екінші дәрежелі жылжымайтын мүлікті сатуға бағытталып отыр.

        Бұл функция жақын арада BI Group ұсынған DOM.KZ жылжымайтын мүлік іздеу платформасында қолжетімді болмақ. Платформа пайдаланушыларға жеке тұлғалар арасындағы меншік құқығын онлайн тіркеуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, 2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылыс салушымен бірлесіп, бастапқы тұрғын үйге меншік құқығын тіркеуді іске қосқан болатын.

        Мәмілеге қатысушылар мен сатып алынатын объектіге қатысты барлық ақпаратты «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорының қызметтері тексереді.    Келісімшартқа биометриялық технология – жеке басын тексеру арқылы цифрлық форматта қол қойылады және блокчейн технологиясы негізінде жаңа меншік иесінің құқықтары жылжымайтын мүлік тізілімінде тіркеледі.

        Панельдік сессияларда, дөңгелек үстелдер мен семинарларда цифрлық тау-кен өнеркәсібі, криптовалюта, киберқауіпсіздік, роботтандыру, smart city тұжырымдамасы, электрондық өнеркәсіп, ESG принциптері, білім беру технологиялары және т.б. талқыланды.

         

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.