«Construction Tech: трендтер мен мүмкіндіктер» панельдік сессиясы Digital Almaty-2021 алаңында өтеді

        3 ақпан 2021

        BI Group холдингі "Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жүктеу: жаңа шындыққа бетбұрыс" халықаралық форумының серіктесі болмақ. Форум аясында "Construction Tech: трендтер мен мүмкіндіктер" панельдік сессиясы ұйымдастырылады. Онда сарапшылар құрылыс саласындағы инновацияларды талқылайды. Модератор BI Group холдингінің IT бойынша басқарушы директоры Нариман Мукушев болады.

        Әзірлеушілер пандемия жағдайында қалай жұмыс істейді? Нысандарды салу кезінде жүретін процестерді IT технологиялардың көмегімен қалай автоматтандыруға болады? E-commerce жылжымайтын мүлік нарығындағы дәстүрлі мәмілелерді ығыстыра ма? Стартап идеясы толыққанды компанияға дейін өсе алады ма? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға саланың жетекші мамандары жауап береді.

        "Пандемия өмірдің барлық салаларына түзетулер енгізді, құрылысты да айналып өткен жоқ. Ең алдымен, құрылыстағы процестерді цифрландыру қауіпсіздікті едәуір арттыруға және объектілерді салу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Клиенттерге қызмет көрсету мен жылжымайтын мүлікті сатып алу процестерін цифрландыру туралы да ұмытпау керек. Бастысы, осы және басқа да кешенді шаралар тұрғындардың жайлылығын арттырудағы драйверге айналады", - дейді BI Group холдингінің IT бойынша басқарушы директоры Нариман Мукушев.

        BI Group холдингі бірнеше жылдан бері IT-сервистерді қарқынды дамытып келеді. Олардың барлығы BI Ecosystem – ауқымды жұмыс істеу тетігіне біріктірілген. Оның арқасында компанияның 200 мың клиенті қашықтықтан жайлы өмір сүру үшін қажетті: пәтер сатып алудан немесе "ақылды" үйді басқарудан бастап, өнімдерді жеткізуге және шүмекті жөндеуге дейінгі қызметтің барлық жиынтығын ала алады. Бұл BI Group-ты цифрландыру қарқыны бойынша және Орталық Азиядағы ең ірі Construction Tech компаниясы санатына шығаратын Қазақстан үшін бірінші және бірегей сандық экожүйе.

        Сессия спикерлері:

        Динара Щеглова, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

        Еркін Әкімбеков, BI Innovations құрылыс индустриясын цифрландыру департаментінің директоры; 

        Мұхтар Қуанышбайұлы, «Connected Home» директоры; 

        Сырымбет Ысқақов, «Smartremont» жетекшісі; 

        Баян Қуатова, Colliers International компаниясының басқарушы серіктесі; 

        Николай Бабешкин,  «Kolesa Group» бас директоры.

        Digital Almaty төртінші жыл қатарынан өтіп келеді. Жаһандық және өңірлік сандық күн тәртібін, сын-тегеуріндер мен шешімдерді, сондай-ақ әлемдегі цифрландыру саласындағы саясатты талқылауға арналған негізгі алаңдардың бірі болып табылады.

        Форумның негізгі міндеттері диджитализация саласындағы күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын талқылау болып табылады. Биылғы жылы күн тәртібі пандемияға байланысты туындаған жаһандық өзгерістерді ескере отырып қалыптастырылады.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.