BI Group коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетті

        18 наурыз 2020

        BI Group коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетті

        BI Group басшысы Айдын Рахимбаев өз Facebook парақшасында Halyk Bank-тің COVID-19 коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан  еліміздегі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге көмек ретінде қаражат бөлу туралы шешімін қолдағаны туралы мәлімдеді. 

        «Еліміз үшін осындай қиын-қыстау кезеңінде ең ауыр да қауіпті жұмыс біздің дәрігерлерге жүктеліп отыр. Halyk Bank-тің бастамасын қолдап, екі астанадағы алдағы топта жүрген дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге BI Group командасы 100 млн теңге бөлгенін хабарлаймын. Қиындық туғанда біріге алатын қазақтың қанында ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын! Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар», – деп жазды кәсіпкер. 

        «BI Group-тың біздің бастамамызды қолдап, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсеткеніне қуаныштымыз. Бұл еліміз үшін және жалпы әлем үшін бұрын-соңды болмаған жағдай, сондықтан біз бірігіп, мүмкіндігінше коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан барша жандарға, атап айтқанда, құрметті медицианалық қызметкерлерге қолдау көрсетуге тиіспіз. Мұндай мысалдар, кез-келген қауіптің алдында қазақстандықтардың ұйымшылдығын тағы бір мәрте көрсете отырып шабыттандырады. Біз біргеміз!», - деді Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.