Әбілхан Қастеевтің мұражай үйі реновациядан кейін қайта ашылады

        12 желтоқсан 2024
        2024.12.12. - Пресс-релиз. Qasteev 12.12.24.jpg

        2024 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстанның алғашқы халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында оның Мемориалдық үй-мұражайының жаңа экспозициясы мен суретшінің «Баға жетпес мұра» атты көрмесінің ресми тұсаукесері өтті. Мұражай BI Group компаниясының қолдауымен ES-Studio тарапынан жүргізілген ішінара реновациядан кейін қайта ашылды.

        Қазақстанның алғашқы халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің (1904 1973) шығармашылықмұрасы бүгінгі күні де көптеген суретшілерді, дизайнерлер мен сәулетшілерді шабыттандырады. Қарапайым формалар мен терең мазмұнды үйлестіретін, көптеген жанрлар мен техникаларды қамтитын ерекше стиль таңғажайып полифониялық гармонияны бейнелейді. Мұндай қуатты энергияға құрылысшылар да бей-жай қарай алмады - BI Group компаниясының жаңа елордалықтұрғын үй кешені Qasteev атауын алды.

        «Біз бұл жобаға кіріскен кезден бастап оны ұлы жерлесіміздің құрметіне атауды армандадық. Ботаникалық саябақ жанындағы табиғаттың әсемдегі және ерекше шығармашылықпен жасалған нысандар бізді осындай ойға жетеледі. Біз Қастеев атамыздың отбасының келісімін алып, кешенімізді Qasteev деп атадық. Ризашылығымызды білдіру үшін суретшінің мемориалдық мұражайына тегін көмек көрсетеміз. Одан бөлек, ES-Studio сәулет бюросындағы серіктестерімізбен бірге мұражайдың ішінара реновациясын жүргіземіз», – депбөлісті BI Group компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Асан-Әли Жұмабаев.

        Бизнес-класс санатындағы тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі 2026 жылы аяқталады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.