«Бестікке» лайық тұрғын үй кешені!
24 қаңтар 2019

Avenue-5 – Холдинг тұрғызған негізгі тұрғын үй кешендерінің бірі әрі бірегейі. 7 және 19 қабатты үйдің небәрі 4 кіреберісі бар. Оң және сол жағалаудың қиылысындағы жаңа ғимарат Астананың сәулетін одан әрі көркейте түсті!
Үйдің аты - Нью-Йорктің Манхэттен орталығындағы атақты көшенің құрметіне қойылған. Үй ауласы қоршалған, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін пәтерлерге IP-домофония орнатылған, ол арқылы сыртқы бейне бақылау камераларымен қарауға болады.
- Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың мамыр айында басталды. Пәтер кілтін табыстау рәсімін қаңтар айының соңында өткіземіз. Төрт блокты үй 103 пәтер мен паркингтен тұрады. Керамикалық кірпіштен жасалған пәтераралық қабырғалар, Schuco алюминий витраждарынан және көптеген сәндік элементтерден жасалған үй фасадының инновациялық архитектурасы. Мұндай үйді Астанадан таба алмассыз! Бұл Астананың тағы бір көрікті жеріне айналды. Тұрғындар бақытты болады деп үміттенеміз!,- дейді жоба жетекшісі Қайыргелді Садықов.
Пәтерлердің төбе биіктігі 3 м және оның кең көлемді терезелерінен қаланың керемет көрінісін тамашалай аласыз, ал кешкі уақытта сыртқы жарықтандыру жүйесі үйге ерекше көрік беріп тұрады. Үйдің өз паркингі бар, енді көлік қоятын орын іздеп уақыт жоғалтпайсыз, мұндағы паркингтің ерекшелігі – колонна санының аздығында. Егер тік конструкциялардың арасындағы қашықтық әдетте 6-7 м болса, бұл жерде – 12-ден 18 м-ге дейін, есесіне өте кең!
Тағы бір артықшылық, үйдің 25 орынды өз қонақ бөлмесі бар, оны тұрғындар жалға алып, қонақтарын шақыра алады. Жалпы жиһаздалған залы, санитарлық торап және ас үйі бар арнайы жабдықталған бөлмеде шағын отырыс жасауға болады. Сонымен қатар, бұл бөлме мультифункционалды акустикалық жүйемен жабдықталған, онда жоба командасының бастамасымен кәсіби караоке-аппаратура орнатылды. Қонақ бөлмесі үй тұрғындарына қолайсыздық туғызбау үшін пәтерлерден тысқары орналасқан.
Avenue-5 – қаламыздың ең таңдаулы ауданында, өте ыңғайлы жерде орналасқан, бұл әрине сіздің жайлы өмір сүруіңізге септігін тигізетіні сөзсіз!