«Парк Авенюліктердің» жаңа қонысы.

        23 маусым 2018

        «Парк Авенюліктердің» жаңа қонысы.
        Бүгін Астанада «Парк Авеню» тұрғын үй кешенінің тағы бір кезегі тапсырылды. Үй Ботаникалық бақпен бір қиылыста орналасқан. Дегенмен, бұл оның жалғыз артықшылығы емес.
        Біздің кішкентай клиенттерімізді қуанту үшін жоба командасы аулаға бақа, бегемот және басқа жануарлардың мүсіндерін орнатты. Бұл балалардың ғана емес, әсіресе селфи құмар үлкендердің көңілінен шықты.
        Айтып өтейік, бүгін бірден 3-2 және 3-3 кезектерінің тұсаукесері өтті. Бірінші блок қыста тапсырылған, бірақ аязды күн болғандықтан кейінге қалдырылды. Одан да мұндай оқиғаларды жылдың жылы мезгілінде өткізген жақсы ғой. Бұрын блоктар бір-бірінен өзгеше болатын, енді бірыңғай стандартпен салынады.
        Жоба жетекшісі Данайхан Айтказин:
        - Фасад фибробетон, лаймстоун, травертин және граниттен тұрады. Кіреберістердің әрлеуінде мәрмәр, ағаш, төзімді сылақ, көптеген картиналар мен бейнебақылау камералары. Соңғы тренд – бұл қоймалар. Бізде олардың саны 48. Олар өте сұранысқа ие, бірден сатылып кетеді, - дейді жоба жетекшісі. Жаңалықтардың арасында арбаларды айтуға болады. Бұл әсіресе азық-түліктеріңізді пәтеріңізге дейін жеткізуге ыңғайлы.
        Тұрғындар да ризашылығын білдірді:
        Кенжеболат Сүлейменов:
        — Өте кең, күн де мол түседі. Барлығы сапалы салынған. Жанында Ботаникалық бақ, жақын арада тағы аллея ашылады.
        Әділбек, Санжар мен қызы Дария:
        - Бірнеше пәтерлерді қарап шықтық, бірақ сенімділік пен тамаша орналасқан жерді таңдадық.
        Өкінішке орай, пәтерлер сатылып кеткен, тіпті күзде тапсырылатын 3-4 кезекте де қалмаған. Бірақ өкінудің қажеті жоқ, жанында жаңа «Парк Авеню Эксклюзив" салынып жатыр.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.