Астана тұрғыны Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаевадан күтпеген сыйлық алды

        17 ақпан 2020

        Астана тұрғыны Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаевадан күтпеген сыйлық алды

        Елордамыздың Тәуелсіздік сарайында BI Group клиенттері арасында жыл сайынғы ұтыс ойыны өтті. Оған 2 мыңнан астам адам қатысты. 

        Басты жүлделер – құны 1,5 млн. теңге болатын саяхатқа жолдама, KIA RIO көлігі және BI Group-тың Besterek атты тұрғын үй кешенінен су жаңа пәтер! Одан бөлек 100-ден астам тұрмыстық техника ұтысқа тігілді.

        Қонақтар үшін еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың арасында танымал әнші Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, «Ұлытау» тобы және кеш қонағы ресейлік «Иванушки International» тобы да бар. 

        Бұл күні сәттілік Оспанқұловтар отбасына серік болып, ұтыстың бас жүлдесі – елордамыздағы жаңа Besterek тұрғын үй кешенінен пәтерге ие болды!

        – Біз ешнәрсе ұтпаймыз деп ойладық та, залдан шығып, киініп, холлда тұрған едік. Бірақ экраннан билетіміздің нөмірін көргенде, өз-өзімізге сенбей, аң-таң болдық. Біз бұған дейін ұтыс ойынына қатысқанбыз, бірақ дәл бүгін сәттілік біздің жағымызда болып, алғаш рет үлкен жолымыз болды! Бірінші пәтерімізді «Сармат» тұрғын үй кешенінен алдық. Жаңа пәтер алуды ойлағанда, ойланбастан BI Group-ты таңдадық. Өйткені оның сапасына, жайлылығына еш күмәніміз жоқ, – деді отағасы Ғабидулла. 

        Бұл ұтыста елордалық тұрғындар Қанат пен Алмагүл Ауғановтардың да жолы болды. Оларға автокөлік бұйырды.

        – Қанат пен Алмагүл ұтысқа келе алмады, өйткені олар балаларының құдалығында болатын, – дейді құрбысы Тансұлу Қойшығарина. – Армандап, соған сене білсеңіз, бәрі орындалады. Мен достарыма шын жүректен қуаныштымын, олар бұған әбден лайықты. Өмірдегі ең бастысы – адамдарға бақыт пен қуаныш сыйлау. Ал оны BI жасай біледі. BI Group - қазақстандық нарықтағы ең үздік құрылыс компаниясы.

        Ал саяхатқа жолдаманы зейнет жасындағы Қайрат Мұртбаев ұтып алды. «Күзде мен қызыма Only тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтерін сатып алдым. Бүгін көлік ұтып алам деген үмітпен келген едім. Бірақ менің аттасым Қайрат Нұртас маған саяхатқа жолдаманы берді. Қуаншытымыз! Енді жұбайыммен Еуропаға баруға дайынбыз!» – деп, Қайрат ағынан жарылды.

        Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық клиенттерімізге қатысқандары үшін алғыс айтамыз!


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.