Fitch Ratings агенттігі BI Development компаниясының несиелік рейтингін тұрақты болжаммен «ВВ» деңгейінде растады
BI Development Ltd. жеке компаниясы FitchRatings халықаралық рейтинг агенттігі эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингін (IDR) тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде екенін растағанын хабарлады.
Fitch деректеріне сәйкес, BI Development – EMEA аймағындағы осындай бағаға ие болған санаулы девелоперлік компаниялардың бірі, ол AEDAS Homes (Испания) және Maison Bidco/Keepmoat (Ұлыбритания) компанияларынан озық орында. Бұдан жоғары «BBB–» рейтингі осы саладағы ірі компанияларда ғана бар, мысалы, Kaufman & Broad (Франция) және The Berkeley Group (Ұлыбритания). Сонымен қатар, бірқатар қаржылық көрсеткіштер бойынша BI Development осы сала көшбасшыларымен салыстырмалы түрде ұқсас деңгейде.
Агенттік BI Development-тің тұрақты тиімділігін, орташа қарыз деңгейін және сенімді қаржылық профильді сақтап отырғанын атап өтті. Компания біртіндеп өтімділікті күшейтіп, қатерлерді консервативті түрде басқарып отырғанын көрсетуде. BI Development тек Қазақстанның ірі қалаларында ғана емес, АҚШ, БАӘ, Әзербайжан және Өзбекстанда халықаралық жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда.
«Fitch рейтингінің расталуы – біздің тұрақты стратегиямыз бен мықты қаржылық көрсеткіштеріміздің мойындалғанының көрсеткіші. Біз несиеге қабілеттілік бойынша сала көшбасшыларының қатарында екенімізді мақтан тұтамыз және клиенттер, инвесторлар мен серіктестеріміздің игілігі үшін бизнесті осы қарқынмен дамыта береміз»,
— деді BI Development Ltd. компаниясының Бас директоры А.Г. Омаров.
Fitch-ке сүйенсек, негізгі факторлар:
- EMEA аймағындағы жоғары позиция: тұрақты болжамды «BB» рейтингі, AEDAS Homes (Испания) және Maison Bidco/Keepmoat (Ұлыбритания) компанияларынан озық деңгей.
- Сала көшбасшыларымен бір ортада: «BBB–» рейтингінің иегерлері Kaufman & Broad (Франция) және The Berkeley Group (Ұлыбритания).
- Орташа қарыз деңгейі және тұрақты қаржылық профиль.
- Мықты өтімділік және қатерлерді тиімді басқару: кезең-кезеңімен құрылыс жүргізу және құрылыс жұмыстары кезінде сатылымға шығару.
- Географиялық әртараптандыру: Қазақстан, АҚШ, БАӘ, Әзербайжан және Өзбекстандағы жобалар.
BI Development бірізді қаржылық саясатты ұстана отырып, ішкі және халықаралық нарықтардағы позициясын нығайта отырып, бизнесті өсіруді жоспарлауда.