«Жұлдызай» қоры жыл қорытындысын шығарды. Балаларға жасалған 325 операция және үнемделген миллиардтаған қаражат атап өтілді
«Жұлдызай» корпоративтік қоры 2025 жылдың қорытындысын шығарып, бірқатар маңызды жетістіктерге тоқталды. Өткен жылы жүзеге асырылған бастамалардың ауқымы да, мәні де ерекше болды. BI Group құрылыс холдингінің 30 жылдығына орай әлеуметтік жобалар жүйелі түрде жүргізілді, елдегі балалардың өміріне әсері күшейді.
Қордың негізгі бағыттарының бірі - MUMKINDIK балалар хирургиясы бағдарламасы. Өткен жылдың басында қор 300 жоғары технологиялық операция өткізуді жоспарлаған болатын, алайда жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш артығымен орындалып, Қазақстанның 9 қаласында 325 балаға күрделі хирургиялық көмек көрсетілді. Жоба аясында қазақстандық отбасылар шетелде емделуге жұмсалатын 4,9 млрд теңгені үнемдей алды.
Операцияларды жетекші шетелдік профессорлар өткізді. Олар халықаралық медициналық шеберлік сабақтары форматында өтті. Бір жыл ішінде Жапония, Аустралия, Италия және таяу шетелдерден 26 шетелдік маман келді. Олар қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп балалар кардиохирургиясы, ортопедия және басқа да бағыттар бойынша аса күрделі операциялар жасады. Шеберлік сабақтар білім алмасуға мүмкіндік берді, алдағы уақытта мұндай операцияларды шетелдік мамандарды шақырмай-ақ Қазақстанда жасауға болады.
«Біз шетелде емделмекші болғанбыз. Операция құны жол мен қонақ үй шығындарын есептемегенде 45 миллион теңгеден басталатын. Қаражат іздей бастадық. Бір күні әлемдік деңгейдегі профессордың Қазақстанға келетінін білдік. Операция тегін жасалды. Қазір ұлым тамақтанып, жүре бастады. Дәрігерлер мен қорға шексіз алғыс айтамыз», - деді бір науқас баланың анасы.
«Жоба аясында баламызға күрделі операция жасалды. Бұған дейін бірнеше кезеңнен тұратын ем жасалуы керек деген болатын, алайда соңғы отадан кейін дәрігерлер қосымша операциялар қажет емес екенін айтты. Біздің отбасымыз үшін бұл орасан көмек», - деп бөлісті басқа ата-аналар.
Хирургиялық көмектен бөлек, шетелдік мамандар 627 балаға консультация берді, ал 467 отандық дәрігер практикалық шеберлік сабақтарына қатысып, біліктілігін арттырды. Сондай-ақ 2025 жылы медициналық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған 5 халықаралық кездесу өтті.
MUMKINDIK жобасы аясында ауыр диагнозы бар балалар елден шықпай көмек алды, ал дәрігерлер заманауи әдістемелерді меңгеріп, күнделікті тәжірибесіне енгізді. 2025 жылы 2013–2025 жылдар аралығындағы жоба нәтижелеріне мониторинг пен бағалау жасалып, қордың тұрақты әрі жүйелі әсері расталды.
Қор қызметінің тағы бір маңызды бағыты - балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту. 2025 жылы «Жұлдызай» республикалық шығармашылық фестивалінің XX мерейтойлық маусымы өтті. Жекпе-жек сарайында өткен финалға 1370 бала келді. Іріктеу кезеңдеріне 6147 бала қатысып, 100 мыңнан астам қазақстандық Гран-при иегерін жалпыхалықтық дауыс беру арқылы анықтады. Осы жылы балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін педагогтер мен ұстаздарға «Жұлдызды ұстаз» медалі табысталды.

Инклюзивті спорт саласында қор 9 спорт түрі бойынша Ұлттық инклюзивті ойындар арқылы жүйелі жұмысын жалғастыруда. 2025 жылы республикалық финалдық жарыстарға еліміздің барлық өңірінен 542 бала және 193 жаттықтырушы қатысты. Көпжылдық дайындықтың нәтижесінде «Жұлдызайдың» 47 түлегі жасөспірімдер паралимпиадалық құрамасына енсе, 23 қатысушы спорт шебері атағын алды.

2025 жылы Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларындағы «Жұлдызай» оңалту орталықтарында 1918 балаға көмек берілді, оның ішінде BI Group қызметкерлерінің 227 баласы бар. Ерте дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. «Тілашар» жобасы аясында 27 бала сөйлеп бастады, ал «Тұсаукесер» жобасында қорға келетін 11 бала алғашқы қадамдарын жасады. Бұл күрделі диагнозға ұшыраған балалары бар отбасылар үшін маңызды кезең.
Қор кәсіби қауымдастықты дамытуға да инвестиция құяды. 2025 жылы «Жұлдызай» мамандары Шымкент пен Атырауда білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 5 семинар өткізіп, 150-ден астам маманды оқытты. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға бағытталған.
«Жұлдызай» корпоративтік қорының жобалары қамқорлық, инклюзия және адами әлеуетті дамыту бір реттік бастама емес, бизнестің тұрақты стратегиясының ажырамас бөлігі екенін дәлелдейді.