Турлов ауыл балаларына сый ретінде IQanat мектебінің жаңа кампус құрылысын қаржыландырды
 старт WEB -33.jpg)
9 наурызда Тимур Турлов ауыл балаларына сыйға тартылатын IQanat мектебінің жаңа кампусының бетонын құю рәсіміне қатысты.Ол 2019 жылдан бері IQanat жобасының Қамқоршысы. Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Жетісу облыстарының ауыл балаларына қолдау көрсетуде. Белгілі болғандай Турловтың әкесі Шымкент қаласынан екен.
Ірі компаниялар мен кәсіпкерлер кампустардың, кітапханалардың, жатақханалар мен басқа да маңызды нысандардың құрылысын қаржыландыратын дәстүр Harvard, Stanford, Yale сияқты әлемдегі ең мықты альма-матерлерде тарихи қалыптасқан. Осылайша, Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов IQanat мектебінде жаңа дәстүрдің негізін қалады.
Жаңа «Freedom House» кампусының құрылысын Тимур Турлов, Айдын Рахымбаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаджар Тәткеев және басқа да қамқоршылар бастады. Құны 2,5 миллиард теңге болатын жаңа кампус 2023 жылдың күзінде Қазақстанның барлық ауылдарынан оқушыларды қабылдай алады. Ерекше планетарийі, 420 орындық амфитеатры, STEM зертханасы, 7000 кітапқа арналған кітапханасы бар кампус ауыл балаларын қызықтыратын және дамытатын орынға айналады. Бұл балалардың білім сапасына айтарлықтай әсер етеді. Алдағы уақытта 500-ден астам ауыл балалары, IQanat олимпиадасының финалистері қосымша білім алу үшін жыл бойы мектепке келе алатын болады.
IQanat – 100 ден астам қазақстандық кәсіпкерлердің ауыл балаларына қолдау көрсету ниетімен біріккен әлеуметтік және білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушылары мотивация мен қосымша білім ала алса, ал жүздеген ауыл балалары Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсуде.
Айдын Рахымбаев атап өткендей, жобаның басты идеясы – ол ұрпақтар сабақтастығы: «IQanat ауылдағы білім беру мәселелерін шеше алатын барлық қазақстандық қамқор кәсіпкерлерді біріктіреді және болашақта осы миссияны жүзеге асыратын ауылдың жаңа белсенді де жігерлі жастарын тәрбиелейді. Ал бүгінде Тимур үлгі көрсетіп, қазақстандық балалардың игілігі үшін ізгі қамқорлық дәстүрін қалыптастырып, оларға жаңа мүмкіндіктер беруде».
«Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі табысты болашақтың кепілі. Осы орайда IQanat мектебі Қазақстандағы ең озық мектептердің бірі болып табылады. Мұнда ауыл балаларының білім, білік, дағдыларын меңгеруіне және дарындылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, мектеп еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға бірдей мүмкіндік береді. Бүгінгі күні, ауыл оқушыларының 80%-дан астамы IQanat-та тегін білім алып, түлектер отандық және шетелдік ірі университеттердің грант иегерлері атанады. Freedom House-тың тағы бірнеше жүз ауыл балаларын қамтуды арттыруының арқасында біз елдің зияткерлік, іскер немесе саяси элитасына айналатын жас ақылды балаларды көбейте аламыз», - деп, Тимур Турлов атап өтті.