Салынып жатқан тұрғын үйден пәтерді қосымша кепілсіз қалай алуға болады

Салынып жатқан тұрғын үйден пәтерді қосымша кепілсіз қалай алуға болады
Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» құрылды. Алданған үлескерлердің, өз міндеттемелерін орындамаған құрылыс компанияларының оқиғаларымен байланысты жағымсыз жағдайдардың салдары осы ұйымның құрылуына түрткі болды. Одан бөлек, «Кепілдік беру қорының» арқасында қазақстандықтар салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтерді кепілсіз ипотекамен алу мүмкіндігіне ие болды деп хабарлайды NUR.KZ
Бүгінде Қормен сақтандырылған 15 нысанның құрылысы аяқталды. 13 құрылыс компаниясымен 47 тұрғын үй кешенінің (13 646 пәтер) құрылысын аяқтауға кепілдік беру туралы шарттарға қол қойылды. Осылайша 6 652 үлескердің мүдделері қорғалды. Бұл құрылыс компаниясында құрылысқа салған өз қаражатының 15%-ы бар дегенді білдіреді, ал олар құрылысты аяғына дейін жеткізбесе, құрылысты Кепілдік беру қоры аяқтайды. Осылайша, Қормен жасалған шарт құрылыс салушының сенімділігінің басты көрсеткіші болып табылады.
Қор бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді, бірақ сақтандырылған тұрғын үйлердің көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Олардың қатарында BI Group және Nova City компанияларының тұрғын үйлері де бар. Атап өтсек: Nova City 22-ші кезек, «Бестерек», «Сердце Столицы», Asyl Mura, Sezim Qala және Gulder 2-ші кезек.
Меруерт есімді астана тұрғыны, Қордың кепілдігі берілген жаңа тұрғын үйден пәтерді кепілсіз ипотекаға қалай алғанын айтып берді. Ол жұбайымен бірге 2019 жылдың 28 желтоқсанында BI Group компаниясымен 3 бөлмелі пәтерді сатып алу үшін үлестік қатысу шартын жасасады. Меруерт айтып өткендей, олар жаңа пәтерлерін дәл осы компаниядан сатып алуды армандаған, себебі компания құрылыс сапасына ғана емес, сонымен қатар сервис қызметіне, үйге іргелес аумақты, әсіресе ауласын көріктендіруіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынына мән берген. Одан бөлек пәтер сатып алу туралы шешім қабылдауға Қор кепілдігінің болғаны да әсер етті.
Армандаған пәтерлерін алу үшін ерлі-зайыптылар өздерінің 2 бөлмелі пәтерін сатады. Алайда, көпшілік үшін мәлім, BI Group-та салынып жатқан тұрғын үйден екінші деңгейлі банк арқылы пәтер сатып алу кезінде жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепіл талап етіледі. Бірақ оның шешімі де табылды.
«Компания бізге екі тұрғын үйді ұсынды: «Бестерек» және «Сердце Столицы», өйткені сол кезде осы тұрғын үйлерге Қордың кепілдігі берілген болатын. Яғни, осы үйлерден пәтер алып, қалған соманы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиелендіру үшін қосымша кепілзат талап етілмейді. Несие беру кезінде бастапқыда кепілге үлестік қатысу құқығы, кейіннен меншік құқығына қайта рәсімдеу арқылы жүргізіледі. Бұл бізге сәйкес келді. Біз «Сердце Столицы» тұрғын үй кешенін таңдадық, себебі оның орналасқан жері біз үшін өте ыңғайлы болды. Ол Тұран даңғылының бойында орналасқан», – деді Меруерт.
Айтпақшы, олар кепілсіз ипотекамен бірінші рет пәтер алып отырған жоқ. Ерлі-зайыптылар алғашқы пәтерін 2016 жылы сатып алған. Осы уақытқа дейін үш жыл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ақша жинап келді. Бұл жаңа пәтер алу үшін сатқан әлгі пәтерлері.
2014 жылы отбасы екінші депозит ашты, ал 2018 жылы олар Sunrise тұрғын үй кешенінен ата-аналарына пәтер алып береді, бұл да «Кепілдік беру қорының» кепілдігімен. Ерлі-зайыптылар үшінші депозитін 2016 жылы ашты.
«Біз ақшамызды жинадық. Бірден көп мөлшерде депозит ашудың қажеті жоқ. Ең бастысы – ай сайын мүмкіндігінше кез келген соманы салып отырған дұрыс. Сонда сіз несиені ең қысқа мерзімге, жылдық ең төменгі пайызбен ала аласыз. Біз пәтер бағасының максималды сомасын төледік, ал қалғаны үшін ТҚЖБ-нан несие алдық. 9 жыл ішінде біздің жылдық пайыз – 4,2% болды», – деді Меруерт.
Отбасы келесі жылдың күзіне қарай жаңа пәтерге көшуді жоспарлап отыр.
«Үлестік қатысу шартына сәйкес, үй құрылысының аяқталу мерзімі 2021 жылдың маусымы. Жаз айына келіп тұр. Жөндеу жұмыстарын жасап, көшіп келеміз. Біз BI Group компаниясының уақытында тапсыратынын білеміз, сондықтан еш алаңдамаймыз», - деп Меруерт сөзін қорытындылады.