Гарвард Қазақстанның «Ана Үйі» жобасын зерттейді

        11 шілде 2024
        2024.07.11. - Пресс-релиз. Форум Дома Мамы (1).jpg

        Астанада Қазақстанның ең үздік сарапшылары қоғамның ең күрделі әрі өзекті мәселелерінің бірі болған жетім балалар мәселесін талқылауға жиналды. Гарвард пен Питтсбург университеттерінің ғалымдары, Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктері, Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері ел тарихында алғаш рет өткізілген «Балалар үшін ең жақсы мекен ‒ Отбасы» халықаралық форумында бас қосты. Форумды «Ана Үйі» қоры ұйымдастырды.

        Форум халықаралық қатысушылардың көптігімен ерекшеленді. Форумға АҚШ, Түркия, Малайзия, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және басқа да елдерден келген сарапшылар жиналды. Іс-шара аясында 200-ден астам қатысушы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің алаңында бас қосты.

        Форумға әлемдік ғылыми жұлдыздар шақырылды. Олардың қатарында Карнеги-Меллон университетінің профессоры, философия докторы, Гарвард университетінің Адам дамуы және білім беру факультетінің деканы Джунлей Ли және Питтсбург университетінің даму психологиясы профессоры, қолданбалы зерттеуші және балаларды дамыту бөлімінің директоры Трэйси Ларсон бар. Олар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандары мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілеріне шеберлік сабақтарын өткізді. Спикерлер балалар үйлерін трансформациялау және кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

        Джунлей Ли Қазақстандағы «Ана Үйі» жобасының тәжірибесі Гарвард университеті мамандарының зерттеу нысанына айналатынын атап өтті:

        «Мен жетім балаларға қамқорлық жасау саласында 20 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Қазақстанда жетімдіктің алдын алу және балаларды қабылдаушы отбасыларға орналастыру бағытында қандай маңызды әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көру мен үшін үлкен қуаныш. «Ана Үйі» мекемелеріне барып, қордың балаларды қараусыз және жалғыз қалдырмау үшін қаншалықты зор күш салып жатқанын өз көзіммен көрдім», – деді ол.

        БҰҰ «Ана Үйі» жобасын Қазақстандағы қайырымдылықтың көшбасшысы деп таныды.  Қор бүкіл әлемдегі жетім балаларға көмектесуді мақсат етіп отыр. Осы мақсат нәтижесінде Mother’s Home International Foundation (MHIF) халықаралық бағыты іске қосылды. Украина мен Өзбекстанда алғашқы пилоттық ресурстық орталықтар өз қызметтерін бастады, ал Малайзияда MHIF филиалын тіркеу процесі жүріп жатыр.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.