Елордада International Baccalaureate бағдарламасы бар мектеп салынуда

Алдағы оқу жылында елордалық 1100 оқушы «Riviera International School» by
Quantum жаңа бірегей халықаралық мектебінің құрамына кіреді.
Астанада мектепке түсуге және жаһандық білім беру қауымдастығына қосылуға
ниет білдірген ата-аналар мен оқушылар үшін ашық есік күні өтті.
Riviera International School
159 елде және 5600 IB мектептерінде танылған халықаралық бакалавриат білім беру
бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Оқу орны қаланың сол және оң жағалауларының
қиылысында, экологиялық таза ауданда, триатлон паркі мен Есіл өзенінің
жағалауына жақын жерде орналасқан.
Мектептің білім беру процесінде Real Life Skills-қа баса назар аударылады. Өмірлік
дағдылар академиялық пәндер арқылы да, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы да
қалыптастырылады, өйткені IB бағдарламасының басты талаптарының бірі -
балалардың қоғамға қызмет етуге бағытталған әлеуметтік жобаларға міндетті түрде
қатысуы.
Ұлттық құндылықтар білім беру процесімен тығыз байланыстырылған, бұл
балалардың өз тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, өз Отанына жақындығын
жақсы түсінуіне және бағалауына ықпал етеді.
Riviera мектебінде оқудың артықшылықтарының бірі:
- қазақстандық мәдени мұра және үздік халықаралық тәжірибе негізіндегі
бағдарлама;
- балалардың бойында зерттеу дағдыларын, сыни ойлауды, эмоционалды
интеллект пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
- үш тілде оқыту;
- үздік ұлттық және халықаралық мектептерде жұмыс тәжірибесі бар
педагогтардан құралған кәсіби команда;
- ата-аналарға арналған Mentors бағдарламасы.
«Мектепалды және бастауыш мектепте оқыту ойын элементтерімен қоса
құрылған. Бұл сыни ойлауды дамытады,
балаларға қолжетімді форматта білім алуға және оларды оқуға ынталандыруға
көмектеседі. Бастауыш сынып оқушылары Сингапур әдістемесі бойынша математиканы
оқиды, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады және жобаларды орындайды.
Орта мектепте Қазақстан тарихы қазақ тілінде оқытылады, пәндердің бір
бөлігі ағылшын тілінде жүргізіледі, оқушылар әлеуметтік және жеке жобаларды
орындайды. Орта мектеп оқушылары ағылшын тілінде оқиды және міндетті CAS
жобаларын орындайды.
Түлектердің әлемнің және елдің үздік университеттеріне сәтті түсуі үшін,
сондай-ақ болашақ мамандықты таңдай алу үшін оларға кәсіби көмек беріледі.
Біздің оқушылар еліміздің үздік ұлттық компанияларында тағылымдамадан өтеді», -
деді мектеп директоры Бауыржан Ұзақбай.
Барлық студенттерге каллиграфия, ескек есу, триатлон, үлкен теннис,
фортепиано, робототехника, керамика және т.б. 30-дан астам элективті курстар таңдауға
ұсынылады.
Мектептің инфрақұрылымы үш блоктан тұрады. Оқу бөлімінде 54 кабинет, STEM,
физика, химия, биология зертханалары, робототехника, coworking space
кабинеттері, 2 кітапхана, мектеп педагогтері үшін жайлы мұғалімдер кабинеттері
қарастырылған. Спорт блогында көше спорты кешені, күрес залдары, хореография
және шахмат ойнауға арналған кабинеттер бар. Өнер блогында - 300 орындық
амфитеатр, акт залы, аспаздық өнер кабинеті, фото, видео және аудиожазба
студиясы, art аймақтар.
Riviera International School «Bank RBK» АҚ және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» АҚ қолдауымен іске асырылуда.
Riviera мектебіне түсуге өтінімдер мына сайтта қабылданады: https://rivieraschool.kz/ru