BI Group холдингі АҚШ пен Еуропаға инвестициялық әлеуетін көрсетті

        5 қараша 2024
        2024.11.05. - Релиз London and NY 01.11.24 (1) (1).jpg

        Нью-Йорк пен Лондонда Қазақстан экономикасына халықаралық инвестициялар тартуға бағытталған екі маңызды іс-шара өтті. Бұл іс-шараларға АҚШ және Еуропаның жетекші қаржылық институттары, стратегиялық нарық қатысушылары мен инвестициялық қорлар жиналды.

        Инвестициялық әлеуетін таныстырған компаниялар қатарында «ҚазМұнайГаз», «Казатомпром», Freedom Finance, Халық банкі және құрылыс секторындағы жалғыз өкіл ретінде BI Group холдингі болды. Холдингтің қаржылық есептілігі әлемнің ең беделді төрт аудиторлық компаниясының бірінің тарапынан тексеріліп келеді. BI Group BB деңгейінде Fitch рейтингіне қол жеткізді және KASE биржасында дебюттік облигацияларын шығарды. Бұл оның қаржылық тұрақтылығын, жергілікті инвесторлардың сенімін және халықаралық нарықтарда инвестор тарту жолындағы ұстанымының нығайғанын көрсетеді.

        Қазақстанның құрылыс саласындағы дамуы инвесторлар арасында ерекше қызығушылық туғызды. BI Group холдингі басқарма төрағасы Асхат Омаров Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен және жылжымайтын мүлік нарығының қарқынымен таныстырды, ал BI Development South компаниясының бас директоры Расул Мустафин Лондонда Deutsche Bank, Morgan Stanley секілді жетекші банктер мен қорлармен кездесулер өткізіп, шетелдік инвестициялар тарту мақсатында жұмыс жүргізді.

        Kazakhstan Finance Day шарасына Нью-Йоркте 450-ден астам қаржылық және экономикалық көшбасшылар қатысты, оның ішінде Уолл-стриттің ірі инвесторлары — Blackstone, JP Morgan және Bloomberg бар. Citigroup штаб-пәтерінде өткен іс-шара Қазақстанның финтех, жасыл энергетика, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты негізгі салалардағы инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған болатын. Қазақстан делегациясы құрамында Ұлттық банк, Астана халықаралық қаржы орталығы, Қазақстан қор биржасы (KASE) және басқа да жетекші ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері болды.

        Kazakhstan Equity Capital Markets Day Лондонда Deutsche Bank, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстан Ұлттық Банкі қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты Қазақстан қор нарығына халықаралық инвесторларды тарту болды. Қатысушылар Қазақстан қор биржасының қазіргі трендтері мен дамуының перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық инвесторлардың қазақстандық компаниялардың IPO-ларына қатысу мүмкіндіктері жайында сөз қозғады. Спикерлер арасында Deutsche Bank өкілдері, KASE индексінің эмитенттері және халықаралық сарапшылар болды.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.