Елордада халықаралық деңгейдегі жаңа университет ашылады

        14 шілде 2022

        Нұр-Сұлтанда жаңа форматтағы инновациялық оқу орны салынады. Болашақ университеттің капсуласын қалау рәсімінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, BI Group өкілдері және провост Стивен Хансон бастаған Michigan State University делегациясының мүшелері қатысты.

        ЖОО білім беру, құрылыс және сәулет саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті кадрларды даярлайтын болады. Жобаны дамытудағы серіктес - Жетекші білім беруші зерттеуші нысан болып табылатын және QS 2022 пәндік рейтингі мен ARWU Шанхай рейтингі бойынша АҚШ-тың үздік 10 оқу орындарының қатарына кіретін Мичиган университеті (U. S. News&World Report Top-100).

        Мықты кадрларға деген жоғары қажеттілікті ескере отырып, бүгіннің өзінде жаңа университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларынан басқа, Continuing Education қысқа мерзімді курстарын да ұсынбақ. Мұндай курстар мамандарға жаңа бағыттар бойынша сертификат пен білім алуға немесе біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ЖОО білім беру сапасы, жаңа технологиялар, құрылыс және сәулет саласында ғылыми және зерттеу қызметімен айналысады.

        Университет кампусы Есіл ауданында, Тұран даңғылында орналасқан. Жобаның бірінші кезеңі аясында 2 мың орындық академиялық блок пен 500 адамға арналған жатақхана салынады. Ұзақ мерзімді перспективада парктерді, спорттық рекреациялық объектілерді, зертханаларды, технопаркті, бизнес-инкубаторды және т. б. қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымы бар 20 мың студентке арналған толыққанды кампус салу жоспарланып отыр. Құрылыстың бірінші кезеңін аяқтау 2024 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

        Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

        «Ағымдағы жылдың қаңтар айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағында алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырды.Бұл шара ағымдағы кадрларды күшейту және білікті қызметкерлердің тапшылығын жою, білім сапасын және адами капиталды арттыру үшін қажет. Осындай жаһандық міндетке қол жеткізудегі бастаманы білім беру саласындағы табысты жобалар портфолиосы бар BI Group холдингі көтеріп отыр».

        Айдын Рахымбаев, директорлар кеңесінің төрағасы:

        "Біз үшін білім беру және құрылыс сияқты маңызды салалардың дамуына қомақты үлес қосуға қабілетті, өте жоғары халықаралық дәрежесі бар әріптес табу маңызды болды. Наурызда Біз Michigan State University-мен ынтымақтастық туралы келісім жасастық. Бүгінде олар 2022 жылдың 16 мамыры мен 15 шілдесі аралығында елордалық мектеп директорлары мен меңгерушілеріне арналған арнайы біліктілікті арттыру курстарын әзірлеп, өткізді. Енді Нұр-Сұлтанда жаңа университетті оқытудың әдістемесі мен бағдарламасы жасалады. Мұндай халықаралық деңгейдегі жобаны дамытудың ұзақ мерзімді перспективасы бар".

        Жаңа университет жеке инвестициялар есебінен салынады.

        Естеріңізге сала кетер болсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай Қазақстан аумағында алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашуға тапсырма берген болатын.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.