BI Group ипотека бойынша бастапқы жарнаны 10% - ға дейін төмендетті

        19 мамыр 2020

        BI Group ипотека бойынша бастапқы жарнаны 10% - ға дейін төмендетті

        BI Group Сбербанкпен бірлесе отырып, қосымша кепілсіз және 10%-дық бастапқы жарнамен жылжымайтын мүлікті сатып алуға болатын "Ерекше ипотека" бағдарламасын іске қосты.  Ипотеканы Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігімен үлестік қатысу шартын кепілге ала отырып, келесі жобаларда ресімдеуге болады: Asyl Mura Abay, «Бестерек», Сердце столицы, Nova City 16, 19 және 22, «Тұрандағы Nova City», Sezim Qala, Gulder және т.б. 

        "Ерекше ипотека"  бастапқы жарнаны төлемге қабілеттілікті толық растау кезінде 10% -дан,  растаусыз 30% -дан енгізуді көздейді. Қарызгер үшін бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздың жылдық мөлшерлемесі 0,1%-дан басталады. Несиенің максималды құны 25 млн. теңгені құрайды. Оны 1 жылдан 15 жылға дейін алуға болады.

        - Кейде жалдамалы пәтерде тұрып, өз үйіңізге бастапқы жарнаны жинау қиынға соғып жатады. Біз ең аз құжаттармен 15 минут ішінде сатып алу мүмкіндігіне ие бағдарлама әзірледік. Айта кететіні, қарыз беруді ұйымдастыру үшін ешқандай комиссия алынбайды. Пәтерді құрылыс жүріп жатқан кезде сатып алу өте тиімді. Өйткені оның құны төмен болады. Сондай-ақ, біз сапаға, белгіленген мерзімде тапсыруға келіп беріп, тұрғын үйді таңдаудың кең мүмкіндігін ұсынамыз (түрі, жоспарлауы, қабаты және т. б.), - деп атап өтті BI Development компаниясының коммерциялық  директоры Әсел Жүнісова.

        Толық мәліметті сату бөлімдерінен, 360 байланыс нөмері арқылы онлайн-кеңесшіден немесе bi.group сайтынан біле аласыз.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.