IRONMAN Қазақстанда: төртінші шайқас

        15 наурыз 2023

        Қазақстан астанасы триатлон спорттық іс-шарасы бойынша төртінші рет өткізілгелі отырған IRONMAN жарысына қатысушыларды қарсы алуға дайындалып жатыр. Бұл байқау соңғы 5 жылда Астанада өткізілетін ең ірі халықаралық іс-шараға айналды: тек өткен жылдың өзінде оған 5000-нан астам көрермен келген.

        Биыл жарыс Қала күні қарсаңында, 2 шілдеде өтеді. Ұйымдастырушылар 60 елден 1800-ден астам қатысушыны күтіп отыр. Өткен жылы 56 елден 1634 қатысушы келгенін естеріңізге сала кетейік.

        «Жарысқа қатысушылар санының жыл өткен сайын ұлғаюы бізді ұйымдастырушы ретінде қатты қуантады. Сонымен қатар триатлеттердің саны біздің елімізден де, шетелдік қатысушылар арасынан да пропорционалды түрде өсіп келеді. Бұл, ең алдымен, жарыстың жоғары деңгейде өткізілетінін, сондай-ақ спортшылардың тұрақты қатысуына мүмкіндік беретінін білдіреді. Біздің жарысымыз елдегі триатлонның дамуына да оң әсер етіп жаmқандығына қуаныштымыз: қауымдастықтар құрылып, қажетті инфрақұрылым салынуда, адамдардың салауатты өмір салтына бағытталған бағдарламалар пайда болуда және мұның бәрі біздің еліміздің экономикасына әсер етуде. Сонымен қатар ірі бизнестің республика бойынша осындай әлеуметтік инвестицияларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын қуана атап өтеміз және бұл біздің еліміздің экономикасын дамытудың тағы бір оң үрдісі», - деп түсіндірді жарыс директоры Алексей Сидоренко.

        Мұндай бұқаралық іс-шараларды өткізуде бизнес қолдауы ерекше маңызды. Дәстүр бойынша IRONMAN жарысының ұйымдастырушысы BI Group құрылыс холдингі болып табылады. Биыл жобаға IRONMAN 70.3 Astana серіктесі атанған Freedom Life ӨСК қосылды.

        «Триатлонмен айналысқан өте қызықты, бірақ кейде жарақат алуың да мүмкін. Әдетте, мұндай жарысқа қатысушылар сақтандыру шарттарын жасасады, ал егер жазатайым оқиға орын алса, біз оларды күтпеген шығындардан қорғаймыз», - деп ой бөлісті Freedom Life ӨСК Басқарма төрағасы және Ironman сериясының бірнеше мәрте қатысушысы Азамат Ердесов.

        «Біз елімізде IRONMAN спорттық іс-шарасын тағы бір рет өткізетінімізге қуаныштымыз. Әлемге әйгілі бұл жарыс ауқымды түрде өтіп, көптеген қатысушы мен көрерменді тартады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі мен танылуына оң әсер етеді. Біздің компаниямыздың қызметінің негізгі әлеуметтік бағыттарының бірі – спорт пен салауатты өмір салтын қолдау, сондықтан біз жарыстың дәстүрлі түрде қуана-қуана серіктесі боламыз», - деп атап өтті BI Group өкілі Арман Лесбеков.

        IRONMAN Kazakhstan жарысының титулдық серіктесі: BI Group компаниясы

        IRONMAN 70.3 Astana жарысының титулдық серіктесі: «Freedom Finance Life ӨСК» АҚ

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.