Қазақстан майданды шаймен қалай жабдықтады

        8 мамыр 2019

        Қазақстан майданды шаймен қалай жабдықтады

        Иә, бұл рас! Майдандағы сарбаздар үшін, Шығыс Қазақстан облысында шай өсірген. Бұл туралы бізге, Тыл еңбеккері, BI Village Comfort-1 коттедж қалашығының тұрғыны Роза Шәкібаевна айтып берді. Ол кезде оқушылар, шаймен бірге, жеміс тосабын жасау үшін жидек теруге де шығады екен, тіпті шекарашылардың жетіспеуінен Қытай шекарасында кезекшілік те еткен.

        Кейіпкеріміздің ағасы жазушы болған, «Үлкен Түркістанның құлауы» кітабының авторы – Серік Шәкібаев. Ол неміс мұрағаттарында жұмыс істеуге рұқсат алып, содан кейін фашистер Орал мен Азияда жерді жаулап алуға болатын легионды қалай құру туралы кітап жазған. Ал басқыншылардың жоспары іске аспаған кезде, оларды мұнай кәсіпшіліктерін, қатынас жолдарын және басқа да диверсияларды бұзу үшін Қазақстанның батысына жіберді. Роза Шәкібаевна 88 жаста, оның 4 баласы, 10 немересі және 3 шөбересі бар.

        Біздің тағы бір тұрғынымыз, Нұршида Шариповна үшін 9 Мамырда - қос мереке! Жеңіс күні ол 97 жасқа толады! Әжеміз соғыс жылдары медбике болған. 1943 жылы ол өз еркімен майданға бару туралы өтініш білдіреді. Өтініш қабылданып, ол төртінші Украин майданының ІІХК (СМЕРШ) барлау бөлімінде фельдшер болды. Барлаушылармен бірге Чехословакияға дейін жеткен, көптен күткен Жеңіс туралы хабарды сол жерде естиді. Нұршида Шәріпқызының үш баласы, бес немересі және екі шөбересі бар.

        Дәл осы үйде, Promenade EXPO, тағы бір құрметті тұрғынымыз – Нұрқамал апа тұрады, жақында 92 жасқа толды. Апамыздың туған күні де тарихи күн - адам баласының тұңғыш ғарышқа ұшқан күніне тұспа-тұс. Соғыс жылдары ШҚО-дағы Куйбышев атындағы колхозда жұмыс істеген. Баяншы әскери әндерді орындап, тұрғындармен бірге Нұрқамал апаны құттықтап, көңілін бір көтердік.

        Айта кетейік, BI Group компаниясы бірнеше күн бойы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтайтын болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.