Қазақстандық кәсіпкерлер ауылдағы 1000 балаға сыйлық жасады

        21 маусым 2024
        2024.06.21. - Айканат.jpg

        Алматыда ауылдық мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы ауқымды IQanat олимпиадасы өз мәресіне жетті. 50 мыңнан астам оқушының ішінен 8 ай бойы ең ынталы 1000 бала іріктеліп алынды. Бұл балалар «IQanat – Мың бала» деген атауға ие болды. Бұл сан IQanat қамқорлығына алынған рекордтық балалар санының символына айналды.

        IQanat - ауылдық балалардың өмір траекториясын өзгерту мақсатында білім мен мотивация түріндегі мықты бастапқы мүмкіндіктер ұсынуды көздейтін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік білім беру жобасы. Жобаны қолдайтын қамқоршылардың қатарында Тимур Турлов, Айдын Рахымбаев, Арсен Томский, Бауыржан Исабаев, Марат Жұман, Серік Толбасы, Сергей Кан, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Дәулет Нұржанов және басқа да Қазақстандық тұлғалар бар.

        Іріктеу қорытындысы бойынша, IQanat қамқоршылары шығындары толық өтелетін және Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында білім алатын 100 баланың есімін жариялады. Тағы 100 балаға IQ Advance бағдарламасына қатысу үшін жартылай гранттар берілді. Қалған 800 финалист үш жыл бойы ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындалатын, ағылшын тілін үйренетін, сондай-ақ болашақ мамандығы мен университетін таңдауда көмектесетін IQIP (IQANAT Intensive Program) постолимпиадалық бағдарламасының қатысушылары атанды.

        IQanat бағдарламаларының арқасында балалардың 90%-ға жуығы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазіргі уақытта жоба түлектері әлемнің 15 елінде білім алуда.

        Олимпиада аясындағы тестілеу бір аптаның ішінде тек бір күнге созылды. Қалған уақытта оқушылар үшін нағыз интеллектуалдық және мотивациялық «даму кезеңі» ұйымдастырылды. Сарапшылар оқушыларға медиасауаттылық, жасанды интеллект және дизайн, шешендік өнер, қаржылық және құқықтық сауаттылық, мансапты таңдау сияқты тақырыптар бойынша тренингтер өткізді. Сонымен қатар, оқушылар ғылыми эксперименттерге қатысты. Жасөспірімдердің әсерін арттыру үшін ұйымдастырушылар Алматыдағы Ботаникалық баққа және Орталық мемлекеттік мұражайға экскурсиялар ұйымдастырды.

        Одан бөлек, оқушыларды шабыттандыру үшін олармен қамқоршылардың қатарындағы кәсіпкерлер мен инфлюенсерлер кездесті. Мысалы, айқанаттықтармен режиссер әрі Ирина Кайратовна тобының бұрынғы мүшесі Қуаныш Бейсек, кәсіпкерлер және меценаттар Қанат Көпбаев, Дулат Тастекей, Айдос Тансыққожин және басқа да тұлғалар кездесулер өткізді.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.