BI Group 1 000 пәтер ойнатылады деген ақпаратты жоққа шығарды
19 тамыз 2026
Холдинг
BI Group компаниясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан 1 000 пәтер ойнатылады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.
BI Group компаниясы да, Айдын Рахимбаев та мұндай акция жариялаған жоқ және оны өткізбейді. Жазбада көрсетілген қатысу шарттары, өткізу күні, орындары және өзге де мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.
Күмәнді сілтемелер мен QR-кодтарды ашпауды, жеке мәліметтеріңізді бермеуді және бұл ақпаратты әрі қарай таратпауларыңызды сұраймыз.
BI Group-тың барлық акциялары мен бастамалары туралы ақпарат компанияның ресми ақпарат көздерінде ғана жарияланады.
Алаяқтыққа тап болмас үшін тек тексерілген ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз.