BI Group Қарағандыдағы алғашқы жобасын таныстырды

10 қыркүйек 2024
BI Development

BI Group компаниясы Қарағандыда алғашқы тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жобаның ресми басталуы Отбасы күніне орай ұйымдастырылған жарқын мерекеде жарияланды. Бұл іс-шара құрылыс компаниясының ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады.

Қарағандының Орталық саябағының жағалауында өткен мерекелік шараға шамамен 4000 адам жиналды, олардың басым бөлігі – жастар. Бұл мереке қарағандылықтар үшін тек жақсы уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар BI Group компаниясының қызметімен, жобаларымен және бастамаларымен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды. Қала мен құрылыс салушының алғашқы тоғысуы «Букетовтағы үй» жобасы арқылы жүзеге асты. Бұл тұрғын үй кешені мәдени мұраны, талғампаздықты және заманауи технологияларды үйлестіруге бағытталған.

Құрылысшылардың айтуынша, қазіргі уақытта Букетов пен Мұқанов көшелерінің қиылысында салынып жатқан нысанда тарих пен заманауи өмірдің жайлылығы тоғысады. Мереке барысында арнайы жабдықталған сату бөлімінде жиырмаға жуық пәтер сатылып үлгерді. Кейбір клиенттерге бірінші қабаттағы төбелері 4,2 метр биік Smart House форматындағы пәтерлер ұнады. Бұл пәтерлерді екі деңгейлі кеңістікке айналдыру мүмкіндігі қарастырылған.

«Қарағандыға келген алғашқы күннен бастап, біз бұл жерде өзімізді үйдегідей сезінеміз. Қарағандылықтар біздің компанияның бастамаларына үлкен ықыласпен қарап, оның жайлы әрі қауіпсіз қалалық өмірді құруға бағытталған ауқымды жұмысына қолдау көрсетуде. Біз олардың қолдауын жоғары бағалаймыз және қаланың игілігі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін ең үздік тәжірибелеріміз бен технологияларымызды пайдалануға дайынбыз», – деп бөлісті BI Development компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Айбар Мұқанов.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.