BI Group компаниясы Өзбекстанда Tenge Bank үшін «А» класындағы кеңсе ғимаратын жүзеге асырды
BI Group компаниясы Ташкент қаласында АКБ Tenge Bank әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу және жабдықтау жобасын аяқтады. Жұмыстар 2025 жылдың ақпанынан қарашасына дейін жүргізіліп, жалпы ауданы 11 мың м²-ден асатын сегіз жерүсті және үш жерасты деңгейін қайта жаңғыртты.
Ғимарат Nest-One нысанының D-block бөлігінде орналасқан. Кешенді жаңартудан кейін ол «А» класындағы кеңсе ретінде қайта жабдықталып, мұнда банктың әкімшілік, операциялық және сервис бөлімшелері орналаспақ. Кеңсе 735 қызметкерге шақталған.
Жобада аясында барлық құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде демонтаж бен жабдықтарды іске қосу да бар. Электрмен жабдықтау, желдету, кондиционерлеу, сумен қамтамасыз ету, өртке қарсы қорғау және автоматика жүйелері толық іске асырылды. Барлық инженерлік шешімдер ғимараттың климатын, жарықтандыруын және қауіпсіздігін басқаратын бірыңғай автоматтандырылған жүйеге біріктірілген.
«Бұл жоба – біздің командамыздың кәсіби өсуі мен ұйымшылдығының айқын көрінісі. Біз заманауи инженерлік инфрақұрылымы бар «А» класындағы кеңсе орталығын сапалы әрі мерзімінде тапсыра алдық. Бұл мақтануға тұрарлық нәтиже», – деді жоба жетекшісі Амангелді Нұрманов.
Ғимараттың әрлеуінде табиғи материалдар – мәрмәр, шпон, паркет және энергия тиімді әйнек конструкциялары қолданылды. Кеңістіктер акустика, эргономика және корпоративтік стандарттар талаптарына сай жобаланған. Кешенде конференц-залдар, VIP-аймақтар, ситуациялық орталық, депозитарий, касса блогы, деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) және үш деңгейлі жерасты паркингі орналасқан.
Нысанда әлемдік брендтердің жабдықтары орнатылды, барлық жүйелер энергия тиімділігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық платформаға интеграцияланған. Жабдықтың басым бөлігі шетелден жеткізілгендіктен, логистика мен уақыт тапшылығы сияқты қиындықтар болды, алайда соған қарамастан, BI Group жобаны уақытында аяқтады және жоғары сапаға сайт етті.
BI Group компаниясының CEO-сы Айдын Рахимбаев нысанның маңыздылығын атап өтті: «Tenge Bank офисін жаңғырту – тек құрылыс саласындағы жетістік емес. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы серіктестік пен сенімнің символы. Екі ел мамандары тәжірибе мен технологияның синергиясы халықаралық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Біз тек ғимараттар салып қана қоймаймыз, екі ел арасындағы байланысты нығайтамыз және бірге дамиыз».
Анықтама:
BI Group – 30 жылдан астам тәжірибесі бар Орталық Азиядағы ең ірі девелоперлік және құрылыс компаниясы. Өзбекстанда компания «Botanika Saroyi» бизнес-класс тұрғын үй кешені секілді бірқатар маңызды жобаларды іске асырып, сенімді халықаралық серіктес және саланың көшбасшысы ретінде танылып келеді.