Семейдегі оқушылар сарайы. Баспасөз хабарламасы

23 желтоқсан 2025

BI Group компаниясы Семей қаласында жаңа оқушылар сарайының құрылысын аяқтады

Семей қаласында еліміздегі ең ірі балаларға арналған білім беру орталықтарының бірі – жаңа оқушылар сарайының салтанатты ашылуы өтті. Нысанды BI Group компаниясы тұрғызды, ол қайтарылған активтер есебінен салынды. Бұл мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, балалардың білім алуы мен дамуына заманауи жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Кілтті тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасы оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, Абай облысының әкімі Берік Уәли және BI Group компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев қатысты. Жаңа оқушылар сарайы қаладағы және өңірдегі оқушылар үшін инновациялармен, шығармашылықпен және спортпен айналысатын қосымша білім беру орнына айналады.

Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 10 мың шаршы метрді құрайды. Көпфункционалды білім беру орталығы бір мезгілде 500 баланы және бір ауысымда 1500 оқушыны қамти алады. Балалардың дамуына қажетті негізгі бағыттардың бәрі, ғылым, технология, шығармашылық, спорт және гуманитарлық бағыт бар. Тәжірибе мен пәнаралық оқытуға басты назар қойылған. Нейрозертхана мен нейроробототехника, аквапоника мен 3D-басып шығару бар HI-TECH цехы, жаңартылатын энергия көздері зертханалары, медиастудия, видеопродакшн мен кәсіпкерлікке баулу бар.

Оқушылар сарайында сирек кездесетін ерекше шешімдер қолданылған. Нейротехнологиялар арқылы роботтарды басқару, аквапоника экожүйесі, VR-оқыту, кәсіби деңгейдегі дыбыс жазу студиясы және заманауи ғылыми зертханалар қамтылған. Сондай-ақ екі бассейн мен жекпе-жек залдарынан тұратын спорттық-сауықтыру орталығының да маңызы зор.

Нысанды жобалау кезінде жабдықтау және пайдалану шарттарына да ерекше мән берген. Орталық әртүрлі жастағы балаларға бейімделген. Жеке және командалық жұмысқа арналған аймақтар қарастырылған. Білім беру процесі бәріне қолайлы және қолжетімді болатындай инклюзивті және қауіпсіз шешімдер іске асырылған.

«Жобаны әзірлеу кезінде біз үшін балалар мен ата-аналардың қажеттіліктерін ескеру аса маңызды болды. Қай бағыттардың шын мәнінде сұранысқа ие екенін, әр аймақ қалай жұмыс істеуі керектігін, қандай жабдықтар тәжірибеде қолданылатынын талдадық. Мақсатымыз балалар үшін ұзақ жылдар бойы қызмет ете алатын заманауи нысан құру болды. Өңірлерде осындай инфрақұрылымды дамыту – болашақ ұрпақты қалыптастыруға қосқан үлес деп есептейміз, ал BI Group үшін елге ұзақ мерзімді, әлеуметтік мәнге ие жобаларға қатысу маңызды», – деді жоба жетекшісі Дархан Тоғаев.

Семей қаласындағы оқушылар сарайының құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асты. Бұл жобаның әлеуметтік бағытын және өңірдің болашағы үшін маңыздылығын көрсетеді. Бұл елге қайтқан қаражаттың өскелең ұрпақты дамытуға бағытталған нақты әрі ұзақ мерзімді инвестицияға айналатынын көрсетеді.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.