Lake Town-1 тұрғындары көптен күткен пәтерлерінің кілттерін алды

        9 шілде 2021

        Алматыда Lake Town тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің кілттері тапсырылды. 226 пәтер пайдалануға берілді. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылдың мамыр айында басталған. Кешен үш кезек пен 8 үйден тұрады. 

        "Ыңғайлы орналасу, заманауи сәулет, қауіпсіздік және функционалдылық, пәтерлердің сәтті жоспарлануы – тұрғын үйді жайлы етеді. Кешеннен 10 минуттық жерде – 25 медициналық мекеме, балабақша және метро станциясы бар. Сондай-ақ, көлікпен Grand Park, ADK СОО, Hockey World, Almaty Management University және Magnum Cash&Carry мұз айдынына лезде жетуге болады", - дейді жобаның бас инженері Евгений Абрамович.

        Заманауи дизайн мен сәулет Lake Town ТҮК-ті эстетикалық және қайталанбас етеді. Аумақ абаттандырылған, мұнда сіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз. Жайлы аула, көл жағасы - осының барлығын белсенді тұрғындар да, балалары бар отбасылар да бағалайды. Аула аумағаны тек шұғыл жағдайларда ғана көлік кіре алады, сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдамаса да болады. Ал заманауи бейнебақылау жүйесі аумақты толығымен бақылауға мүмкіндік береді.

        "Үйдің сырты үшін қолданылған шешімдер тартымды ғана емес, сонымен қатар функционалды: желдетілетін фасад жүйесі қабырғаларды ылғалдан қорғайды, жоғары жылу оқшаулауымен ерекшеленеді. Олар талшықты цемент панельдерінен жасалған. Терезелері - металлопластик, қаңқасы монолитті темір бетоннан жасалған", - дейді  Евгений.

        Клиенттерге Connected Home: есіктің ашылу датчиктері, судың ағуы, температура мен ылғалдылық, өрт туралы ескертулер, электр қуатын басқару, суды жабатын электр клапандары сынды опциялар ұсынылады.

        Әлия мен Артур Шәкіровтер:

        "Көптен күткен кілтімізді алып, пәтерімізге кірдік. Жоспарланған мерзімде тапсырғаны үшін компанияға алғыс айтамыз. Біз үй сапасына ризамыз. Енді тезірек қоныстануға әрекет жасаймыз. BI Service туралы көптеген жақсы, оң пікірлерді естідік. Болашақта біздің барлық үміттеріміз ақталады деп үміттенеміз", - дейді қоныстанушылар.

        Жаңа қоныс құтты болсын!


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.