Lifetown 1-1: құрылыс компаниясы клиенттеріне үйдің кілтін табыстады

        28 ақпан 2023

        Өткен демалыс күні тағы бір тамаша жаңалықпен толысты. Lifetown 1-1 тұрғын үй кешенінің жоба тобы тұрғындарға 328 жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

        Атамыз бен әжемізге жаңа пәтер сатып алдық. Ата-анамыз бен балаларымызға баспана сатып алып бергенбіз, енді аға буынға сыйлық жасағымыз келді. BI Group компаниясына рақмет! – деп ой бөлісті Lifetown 1-1 тұрғын үй кешенінің тұрғыны Амангелді.

        Комфорт класты тұрғын үй кешені қаланың орталығындағы Алмалы ауданында, Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан.

         Үй көлік қатынасы ыңғайлы ауданда орналасқан. Жанында Mega Park сауда үйі, Арбат жаяу жүргіншілер көшесі, Орталық әмбебап дүкен, 28 панфиловшылар атындағы саябақ, MAGNUM Cash & Carry, Райымбек батыр метро станциясы және көптеген театр, мұражай, мейрамхана мен дәмхана бар. Сонымен бірге медициналық мекемелер, дәріханалар, түрлі дүкендер, фитнес орталықтары, 20-дан астам оқу орны жақын жерде орналасқан. 

        Үйдің ашық түсті сыртқы беті ерекшеленіп, адамдардың назарын аудартады. Абаттандырылған, көлік кірмейін және жасыл желекке оранған ауладан балалар алаңының алуан түрі табылады, жеке кіру жүйесі, 24/7 бейнебақылау орнатылған. 

        Тұрғын үй кешеніне өзін 18 жыл бойы нарықта кәсіби тұрғыда танытқан, еліміз бойынша 5,9 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсететін BI Service Басқарушы компаниясы қызмет көрсетеді. Компанияның 80 мыңнан астам қазақстандық клиенті болып табылады. 

        Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram желісіндегі @bi.group. almaty парақшасы мен компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан алуға болады. Сонымен қатар сату бөліміне хабарласып немесе BIG App қосымшасында сатып алуды ресімдеп, Үлестік қатысу шартына онлайн-режімде қол қоюға болады. 

        Компанияның басты құндылығы әрдайым клиенттері, сонымен қатар олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі болғанын және болып қала беретінін атап өткен жөн. Сондықтан BI Group тұрғын үй мен басқа да ғимараттар құрылысының сапасына ерекше мән беріп салады.

        Құрылыс компаниясының Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің сейсмикалық төзімділігі туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://company.bi.group/ru/press/almatyseismostoikostcomment

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.