Light House: жарқын болашаққа бірге!

        1 қыркүйек 2018

        Light House: жарқын болашаққа бірге!
        Қазақстандықтар конституция күніне орай төрт күн демалды. Тек біздің құрылысшылар емес, өйткені олар көптеген отбасыларды қуанту үшін, тоқтаусыз еңбек етті.
        Егер Конституция күні құрылысшылар «Времена года.Лето» тұрғын үй кешенін тапсырса, көптен күткен Білім күнінде Light House тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындары жаңа пәтерлеріне ие болды. Жоба жетекшісі Асқар Шайзиннің айтуы бойынша, үйдегі пәтерлердің барлығы дерлік сатылған, бірақ өз қожайындарын күтіп тұрған пәтерлер де бар, тек сатып алуға үлгеріп қалу керек:
        - Light House екі блоктан тұрады, құрылыс ресми түрде 2017 жылдың маусымында басталды, міне бүгін жоспарланған мерзімінен 1,5 ай бұрын ерте тапсырудамыз. Осындай айтулы күнде тапсырып жатқанымыздың өзі үлкен қуаныш! Көптеген адамдар үшін үйдің орналасқан жері ұнайды, Бараев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысы. Біздің сәулетшілер бұл үйді алыстан көз тартатындай етіп жасады. Біз де бұл үйдің құрылысын бар жан-тәнімізбен орындадық, енді оған тұрғындар ұқыптылықпен қарайды деп үміттенеміз! – деп пікірімен бөлісті Асқар Сайтович.
        Мереке шынында да көтеріңкі көңіл-күйде өтті, үлкендер үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылса, ал балаларды аниматорлар ойнатты. Ұйымдастырушылар ауа-райын ескеріп, жаңа қоныс мерекесін жылылық пен жайлылық кернеп тұрған паркингте өткізуді шешті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, келген қонақтарға кең дастархан жайылды.
        Айнұр Тұранова ыстық Шымкент қаласынан келген және пәтерді көргенде бірден ұнатып, өзіне сондай ыстық көрінгенін айтады:
        - Пәтер таңдауға менің сіңілім көмектесті, өйткені ол өзі BI Group салған үйде тұрады. Бүгін мен үшін толқуға толы қуанышты күн. Маған Light House-тың орналасқан жері ұнайды, сол жағалауға жылдам жетуге болады. Осындай керемет үй үшін құрылысшыларға үлкен рахмет! Біз бақыттымыз!
        Назгүл Шаяхметова қуанышын апасымен бірге бөлісуге келіпті, өзі әрі мұғалім сондықтан мерекелік жиыннан бірден осында келген:
        - BI Group өте сенімді компания, бұған біздің бірінші рет көзіміз жетіп тұрған жоқ. Light House өзінің орналасқан жерімен бірден көңілімізден шықты. Мен осы жерге жақын жерде тұрамын, енді апаммен жиі көрісіп тұрамыз. Бүгін мен үшін сондай қуанышты мереке, сіздерге үлкен рахмет! Бұл үй бақытты сәттерге, сәби күлкісіне толы болсын деп тілеймін!
        Қайрат Нұртазин бұл үйден пәтерді балаларына сатып алып беріпті және алдағы уақытта BI Group-тан тағы пәтер алатынын жасырмады:
        - Бүгін менің немерем бірінші класқа барды және біз көптен күткен жаңа пәтеріміздің кілтін алдық. Қазақстанда осындай сенімді компания барына қуаныштымыз!
        Бұл тұрғын үй кешенінің ауласында тек балалар үшін емес, үлкендер үшін де спорт алаңының барын атап өткіміз келеді. Сонымен қатар, үйдің символы ретінде үй ауласына шамшырақ орнатқан, өйткені LightHouse ағылшын тілінен дәл осындай мағына береді екен. Сондай-ақ сол шамшыраққа қарай жүріп бара жатқан түйелердің мүсіні де орнатылыпты. Тағы да компанияның атынан тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтаймыз, шаңырақтарыңыз шаттыққа, құт-берекеге толы болғай! Алда енді көшу мен жөндеу жұмыстары қалды.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.