AIX биржасы арқылы құрылыс саласына инвестициялар тарту

Компанияның қор нарығына шығуы ашықтықты, корпоративтік басқару сапасын және соның салдарынан бизнестің жалпы тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Біз BI Group-тың еншілес компаниясы "Мегастрой лтд" ЖШС облигацияларын шығару бағдарламасының AIX биржасында 20 млрд теңгеге тіркелгені туралы хабарлауға және осы бағдарламаның проспектісін (сілтеме) ұсынуға қуаныштымыз.
Бағдарлама шеңберінде 2022 жылғы 21 шілдеге дейінгі мерзімге жылдық облигациялардың жалпы көлемі 6,3 млрд теңге болатын (ISIN: KZX000000773) бірінші шығарылымын орналастырамыз. Өтінімдер кітабы бүгін ашылады, book building 3 күнге созылады. Қаржылық кеңесші және андеррайтер ретінде Jusan Invest АҚ қатысады. Бірінші шығарылым бойынша толық ақпаратпен және шарттармен сілтеме бойынша танысуға болады.
2021 жылғы 31 наурызда "Мегастрой лтд" ЖШС жалпы көлемі 6,1 млрд теңге болатын қысқа мерзімді облигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды, ол компанияның Қазақстанның құрылыс секторындағы алғашқы және ірі биржалық орналастыруы болды.
Қор нарығына шығу -дамудың сапалы жаңа кезеңінің басы және инвестицияларды тартуға, бизнеске деген бедел мен сенімді арттыруға тікелей жол.