Пандемия-уақытша. Тұрғын үй – ғасырлар бойына!

        18 тамыз 2020

        Биылғы жылғы кәсіби мереке – Құрылысшылар күні Nova City үшін ерекше. Компания елорда нарығында өзін танытқан "Стандарт" санатын кеңейтуді, оны "Эконом" және "Комфорт" санатындағы жаңа өнімдерімен толықтыруды жоспарлап отыр.

        Nova City компаниясы 4 жыл ішінде 200 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын салды. Ал бұл қазіргі заманғы тұрғын үйдің 4,5 мың бақытты иесі. Компания мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тұрғын үй санаттарының кеңеюімен сәулет-жоспарлау шешімдерінің, әрлеу мен фасад материалдарының,  аулалар мен үй маңындағы аумақты абаттандыру элементтерінің ауқымы кеңейеді. Сондай-ақ, құрылыс салушы тұрғын үй ғимараттарының элементтерін зауытта жасау технологиясын дамытуды жалғастырады. Nova City компаниясы жобаларының алдағы 2-3 жылға арналған перспективалық портфелінде шамамен 100 га жуық жер учаскесі бар.

        Пандемия-уақытша. Тұрғын үй – ғасырлар бойына!

        "Коронавирус пандемиясы және тұрғын үй нарығындағы сұраныстың өзгеруі құрылыс салушыларды ағымдағы және жаңа жобалардың даму мерзіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етуде. Алайда, осы факторлардың әсері біздің компания тұрғызатын тұрғын үй сегментіне аз әсер еткені қуантады. Осы туындаған жаңа кезеңде өнімдерді, жалпы компанияны дамытуда жаңа мүмкіндіктермен қоса, түрлі сын-қатерді көріп отырмыз. Біз перспективалық жобаларымыздың құпияларын ашып, оларға қысқаша анонс бергіміз келеді. Алдағы айларда компания "Ару қала" тұрғын үй кешенінің құрылысын бастайды. 305 және Қ.Мұхамедханов көшелерінің қиылысында, "Хан-Шатыр"СОО маңында бой көтеретін кешен комфорт санатындағы біздің көсбасшымыз болмақ. Келесі перспективалы жобамыз –Nova City ТҮК форматының жалғасы болып табылатын және Нұра-Есіл арнасының бойында орналасатын "Южный" тұрғын үй кешені. Сондай-ақ, "У Арены" ТҮК құрылысын бастаймыз. Бұл Тұран даңғылындағы "Барыс Аренаға" жақын орналасқан кірпіштен салынатын комфорт санатындағы жоба болмақ, - деп Nova City директоры Андрей Гуцал компанияның алдағы жоспарларымен бөлісті.

        Nova City-дің бірлігі жарасқан жанұясы ертеңгі күнге сеніммен қарап, өз клиенттерімен бірге болашақты құруға дайын.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.