Астанада жаңа Аллея пайда болды

        9 қазан 2018

        Астанада жаңа Аллея пайда болды.

        Қазір, үйлердің жерасты паркингі болғандықтан, оның үстінен ағаш өсіру қиын. Сондықтан, тек гүлдер мен бұталар отырғызуға болады. Дегенмен, "Қамалдың" 5-кезегінің командасы оның шешімін тапты.
        Бұрын жоба штабы болған жерде енді көшеттер отырғызылады.
        Құрылысшылар бұл істі тұрғындармен бірге жасауды шешті.
        Демалысқа қарамастан, сенбі күні таңертең тұрғындар (тек бесінші блоктың ғана емес) жанұяларымен ағаш отырғызуға шықты. Компания шұңқырлар, көшеттер мен құралдарын дайындап берсе, ал тұрғындар ағаш отырғызды.

        Алты жасар Ахмет үшін бұл бірінші ағаш. Анасы, баласының акция туралы білген кезде оған бірден қатысуға шешім қабылдағанын айтты. "Біз "Қамалдың" екінші кезегінде тұрамыз, осы жердегі скверге серуендеу үшін келеміз және онда жасыл көшеттердің көп болғанын қалаймыз. Осы жылы балам бірінші сыныпқа барды, міне алғашқы ағашын да отырғызды", ‒ дейді Айжан.

        "Осында тұрып жатқанымызға бір апта болды, біз тағы да өз таңдауымыздың дұрыстығына көз жеткіздік, оның үстіне пәтерімізді "7-20-25" бағдарламасымен сатып алдық", ‒ дейді жас жұп ‒ Серік пен Ботагөз.

        "Скверде 27 қайың, 25 қарағай, 12 алма, үш шырша және жұпаргүл бұталары отырғызылды. Келесі жылы гүлдер егіледі", - деді "Жасыл Әмір" мердігерлік ұйымының директоры Қанат Мамраев.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.