Nura Esil 4: бірегей жоба

        19 шілде 2021

        BI Group құрылысқа белсенді түрде инновациялар енгізуде. "Нұра Есіл" қаңқалық бұйымдарының 90%-ы ModeX модульдік үй құрылысы зауытында орындалған компанияның алғашқы үйі.

        Монолитті және кірпіш үйлердің өз басымдықтары бар. АРКОС технологиясы осы артықшылықтарды біріктіруге мүмкіндік берді.

        - Жабын плиталары тегіс болып шықты, бұл шу оқшаулаудың деңгейін жоғарлатады.  Зауытта құрылымдарды дайындау олардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді, - дейді учаске бастығы Асқар Серғазин.

        Пандемияға және кәсіпорындардың тоқтап қалуына байланысты нысанды тапсыру мерзімі кейінге қалдырылды. Клиенттер бұл жағдайға түсіністікпен қарады.

        Басқа параметрлер бойынша бұл кезек алғашқы үш кезекпен бірдей. "Нұра Есілді" не үшін жақсы көреді? Ең алдымен, ондағы жайлылық үшін. Үйлердің биіктігі тек 4-6 қабаттан тұрады. Осыған қарамастан, әр кіреберісте жүк-жолаушылар лифтісі орнатылған. Төбелерінің биіктігі - 3 метр, терезелер - 2,1 метр. Төрт қабатты блокты алаңда барлығы 2 пәтер бар.

        Бетоннан құйылған және тартанмен қапталған шағын сәулет формалары қызықты көрінеді. Жаңалықтардың бірі - бұл футбол алаңының  3 және 4 кезектер арасындағы аллеяда орналасуы. №1 спорттың жанкүйерлері түнге дейін доп қуалап, эмоцияларын жасырмаса да болады. Өйткені бұл басқа тұрғындардың тыныштығын бұзбайды.

        Қысқа уақыт ішінде тыныш аймақ өзгеріп шыға келді. Мұнда жол салынды, қоғамдық көлік өз жұмысын бастады, сондай-ақ жақын жерде BINOM жаңа буын мектебінің құрылысы аяқталуда. Оқу орны бірнеше минуттық жерде орналасқан.

        Тұрғын үй кешенінде әлі де бір бөлмелі пәтерлер, кеңселер және тұрақ орындары бар. Толығырақ біздің сату бөлімдерімізден немесе 360 нөмірі бойынша ақпарат алуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.