Avenue 5 – үй емес, нағыз сәулет жауһары!

Жақында біз «Avenue 5» жобасы туралы жазған едік. Енді жоба командасының үй құрылысын сәтті аяқтағанын қуана хабарлаймыз! Осылайша, сенбі күні жаңа пәтер иелері компаниямен бірге жаңа қоныстарын дүркіретіп атап өткен еді.
Ботагөз Темірбекова:
- Бірінші пәтерімді 2004 жылы алдым, содан бері компанияңыздың тұрақты клиентімін. Маған BI Group-тың үйлері ұнайды. Avenue 5 - біздің барлық үміттерімізден асып түсті.
Бақыт Мәмбеталиев:
- Балаларым осы ауданда өсті, сондықтан жаңа үйімізге өте риза болды. Компания туралы көптен білемен, өйткені достарым BI Group-тың үйлерінде тұрады. Ал бұл үйге келер болсам, бізге бірден оның орналасуы мен жобасы ұнады.
Айтпақшы, үйдің эскиздік жобасын INK ARCHITECTS компаниясы жасады, сәулетінің бірегейлігінің арқасында Avenue 5 - Астананың тағы бір көрікті жеріне айналды.