Оңтүстік астанада ұлттық нақышта салынған үй пайдалануға берілді

Өткен демалыс күндері 70 алматылық ONER 2-1 комфорт класты жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін алды.
Үй Есенжанов, Ислам Каримов, Тұрғыт Өзал және Абай көшелерінің қиылысқан алаңында орналасқан. Оқу орындары, емдеу мекемелері, балабақшалар, Fantasy World Almaty ойын-сауық саябағы, М.К.Ганди атындағы саябақ, стадион, дәмхана, ADK, MOSKVA, GRAND PARK сауда ойын-сауық орталықтары, метро станциясы, сонымен қатар мұражайлар мен фитнес клубтары жақын орналасқан. Жаңа тұрғын үйдің жанында орналасқан спорт кластерінің көптігі ерекше назар аударуға тұрарлық: үлкен футбол алаңы, теннис корты, бассейні, жүгіру мен жарыстарға арналған стадионы бар спорттық-жаттығу кешені тұрғындардың игілігіне берілді.
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл болуына орай салынған кешен қазақ мәдениетінің озық дәстүрін ескере отырып салынған. Төзімді әрі жоғары сапалы материалдардан жасалған үйдің сыртқы бетінің түсі мен стилі ауланың безендірілуімен тамаша үйлеседі.
Аулада балалар ойын алаңы, демалуға арналған күркелер, футбол және стритбол алаңдары, теннис үстелі мен серуендейтін аллея қарастырылған.
Ғимараттың алдыңғы бөлігі, вестибюль мен жалпы пайдаланылатын аумақ та интерьердің ажырамас бөлігі болып табылатын ою-өрнек, әшекей секілді ұлттық мәдени элементтерді пайдалана отырып, авторлық дизайнда жасалған.
Пәтерлерге саусақ ізі, код, смарт-карта, механикалық кілт секілді «ақылды» технологиялар арқылы кіруге болады. IP-домофон тұрғындардың күзет бекетімен бір рет басу арқылы байланысуларына, келушілермен сөйлесіп, тұрғын үй кешеніндегі бақылау камераларындағы бейнежазбаны қарауға рұқсат алуларына мүмкіндік береді.
Біздің кіреберістер – нағыз өнер туындысы! Өте қуаныштымыз! Отбасымызбен бірге жөндеу жұмыстарының аяқталып, үйімізде тұруды асыға күтеміз. Жаңа туған сәбиіміз бар, оның алғашқы қадамын жаңа үйде жасайтыны қуантады, – деп, Кеңесовтер отбасы өз әсерлерімен бөлісті.
Бұл кезекте барлығы 154 пәтер қарастырылған. Сатылатын пәтерлер әлі де бар.
Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram желісіндегі @bi.group.almaty парақшасы мен компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан алуға болады. Сонымен қатар сату бөліміне хабарласып немесе BIG App қосымшасында сатып алуды ресімдеп, Үлестік қатысу шартына онлайн-режімде қол қоюға болады.
Компанияның басты құндылығы әрдайым клиенттері, сонымен қатар олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі болғанын және болып қала беретінін атап өткен жөн. Сондықтан BI Group тұрғын үй мен басқа да ғимараттар құрылысының сапасына ерекше мән беріп салады.
Құрылыс компаниясының Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің сейсмикалық төзімділігі туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://company.bi.group/ru/press/almatyseismostoikostcomment