Altyn Bank және BI Group жаңа буын ипотекасын іске қосады

        27 сәуір 2021

         Altyn Bank және BI Group холдингі ипотеканы цифрландыруға қатысты ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа "Altyn Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Айқымбаева мен BI Group қаржылық технологияларды  дамыту жөніндегі басшысы Нұрлан Оңғарбаев қол қойды.

        Жаңа өнімнің арқасында ипотеканы мақұлдау үдерісі банкке келмей-ақ, 2-3 күннен 30 минутқа дейін қысқарады.

         Клиент https://bi.group сайтында салынып жатқан кешендердің бірінен пәтер таңдай алады. Содан кейін автоматты түрде Altyn Bank-ке қайта бағытталатын ипотекаға өтініш беруге болады. Қарыз алушының профайлы бойынша қарастыру және мақұлдау лезде жүзеге асырылады.

         Бағдарлама шарттары Altyn Bank-те төмендегі мөлшерлемелер бойынша несие рәсімдеуге мүмкіндік береді:

        -  0,1%-дан бастап 12 ай мерзімге дейін

        - 13,5%-дан бастап 20 жыл мерзімге дейін.

        - Максималды қарыз сомасы — 35 млн. теңге.

        - Банктің комиссиясынсыз.

         Банк өтінімді мақұлдаған кезде клиент SMS-хабарлама және Altyn-i цифрлық банкте тіркелуге сілтеме алады. Жеке кабинетінде оған ипотеканың рәсімделгенін растауы және банктік шарт жасасуы қажет. Банк өзі ақшаны үй салушыға аударады және бұл туралы клиентке SMS арқылы хабарлайды.

         «Біз төрт жылдан астам уақыт бойы онлайн банктік қызметтер ұсынамыз және Altyn-i цифрлық банкингін белсенді дамытып келеміз. Біздің кепілдендірілмеген несиелендіру үдерісіміз Қазақстандағы ең ыңғайлы және жылдам. Әрі қарай қозғалатын уақыт келді. Бүгін біз банктер арасында ипотека бойынша қарыз алушы үшін шешім қабылдаудан бастап несие беруге дейін толық сандық шешімді бірінші болып ұсынып отырмыз», - деп түсіндірді «Altyn Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Айқымбаева.

         «Біз онлайн сервистерге деген қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні BI Group-та клиенттер мәмілелердің 90%-ына BIG App қолданбасы арқылы қол қояды. Пандемия әлемді және адамдардың мінез-құлқын өзгертті. Тіпті жаппай вакцинацияны есепке алғанның өзінде онлайн-сервистер сұранысқа ие болып қалып отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 25-35% клиенттер басқа қаланың азаматтары. Енді оларға қалаға баруға, қонақ үй немесе пәтер жалдауға уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Барлық керек нәрсе - интернетке қосылған гаджет. Ипотека рәсімдеу – клиент үшін оңай жол емес. Біздің міндетіміз несиені рәсімдеуді 20-30 күннен бастап бір күнге дейін қысқарту», - дейді BI Group қаржылық технологияларды  дамыту жөніндегі басшысы Нұрлан Оңғарбаев.

         2020 жылдың қорытындысы бойынша BI Group-тағы ипотекалық несиелердің үлесі 20% құрады, компания жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныстың артуын ескере отырып, ипотека үлесінің екі есеге, 40% -ға дейін өсуін болжап отыр. Altyn Bank-пен келісім - бұл тұрғындар үшін ипотекаға қол жеткізудің алғашқы қадамы.

         Анықтамалық ақпарат:

        «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd) әмбебап корпоративтік банк болып табылады және корпоративтік клиенттер мен бөлшек сауда клиенттеріне қызмет көрсетеді. Активтерінің мөлшері бойынша 13-ші орынға ие және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтердің (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”) біріне ие. «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған қаржылық қызметтердің толық шоғырымен бірінші толыққанды цифрлық Altyn-i банкті іске қосты. 6 филиалы бар: Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Шымкентте, Ақтауда және АХҚО-да, сонымен қатар Алматыда қосымша 2 бөлімшесі бар.

         


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.