Профессор Жердев Нұр-Сұлтанда маңызды оталар өткізбек

20-22 қыркүйек аралығында «BI-Жұлдызай»
корпоративтік қорының «Тәлімгерлік» жобасы аясында Қазақстанға медицина
ғылымдарының докторы, профессор, «Балалар денсаулығының ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы» федералды мемлекеттік автономды мекемесі
нейроортопедия және ортопедия кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ.), SICOT
Халықаралық ортопедиялық травматологтар қоғамы және EPOS Еуропалық балалар
ортопедиялық қоғамының мүшесі Константин Владимирович Жердев келеді. Ол
Нұр-Сұлтан қаласында ерекше операциялар жасап, қазақстандық мамандарды шетелдік
жаңа инновациялық әдістерге үйретеді.
Тәлімгердің келуі және оның балаларға жасайтын екі бірдей
ерекше операциясы Айдын Рахымбаевтың жеке коллекциясындағы сағаттарды сату
қайырымдылық акциясының арқасында жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы мамандандырылған «Үміт»
балалар үйінің остеогенезінің жетілмегендігі диагнозы қойылған 4 және 6 жастағы
екі балаға хирургиялық емдеу жоспарланып отыр.
Операциялар Нұр-Сұлтан қаласындағы N& 2 қалалық балалар ауруханасында
жасалады.
Ортопедиялық хирургиялық емдеу қаңқаның ұзын сүйектерінің
деформациясын жоюға бағытталған, бұл дерт біртіндеп дамып, белсенділіктің
бұзылуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде балалар өздігінен қозғалу қабілеті мен
толық өмір сүру мүмкіндігінен айрылады. Хирургиялық түзету үшін инновациялық
әдістердің бірі - телескопиялық интрамедулярлық өзектер FASSIER -DUVAL
қолданылады. Бұл әдістің негізгі артықшылығы - оның оңай орнатылуы және ұзын
сүйектердің эпифизінде жақсы бекітілуінде.
Бұл операция Нұр-Сұлтан қаласының N& 2 қалалық
балалар ауруханасы базасында алғаш рет жасалады және отандық мамандардың емдеу
әдістерін үйренуіне мүмкіндік туады.
Алдағы уақытта отандық мамандар осы инновациялық әдісті қолдана отырып
операциялар жасай алады, себебі мұндай диагнозбен ауыратындар саны жыл сайын
артып келеді. Мұндай операциялар
дамыған елдердерде стандартты емдеуге жатады, ал бұл Қазақстан Республикасында
осындай емдеу әдісін енгізу қажет дегенді білдіреді.