«Қазақстанның лайықты азаматы» конкурсында 10 номинанттардың тізімі анықталды
BI Group компаниясының 30 жылдығына арналған «30 добрых дел» бастамасы аясында ұйымдастырылған конкурстың сарапшы кезеңі аяқталды. Қазылар алқасы жоғары әлеуметтік құндылықтар мен жеке үлестермен ерекшеленетін 10 финалисті таңдап алды, олардың жетістіктері мен тарихы адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің күшін көрсетеді.
2025 жылы қазылар алқасының құрамына кіргендер:
- Гаухар Каримова – «Достойный гражданин» алғашқы жобасының авторы, қазіргі уақытта Home Credit Bank PR – директоры.
- Жамиля Эрназарова – кәсіпкер, «UMAI» әйел кәсіпкерлер қоғамының негізін қалаушы.
- Мурат Кабылбаев – 17 баланың әкесі, олардың 16 – ы асырап алынған. «Покажи мне небо…» кітабының авторы, «Достойный гражданин Казахстана» бірінші конкурсының жеңімпазы.
- Магжан Тажин – Қазақстанда адам құқықтарын қорғау және азаматтық қоғамды дамытуға арналған «Еркіндік қанаты» қоғамдық ұйымының мүшесі.
- Маржан Капсамат – домбырашы, музыкант, оқытушы, қазақ мәдениеті мен дәстүрлері туралы блог авторы.
Қазылар алқасының мүшелері қысқа мерзімде үлкен жұмыс атқарды – әрбәр өтінім жандандырып, барлық кандидаттар құрмет пен мойндауларға лайық болды. Тек он адамды таңдап алу қи ын болды. Себебі әрбір финалист – жеке бастамалар мен шабыттандыратын әрекеттердің артында тұрған тарих.
«Қазақстанның лайықты азаматы» 2025 конкурсының финалистері:
- Расима Темербаева – жалғыз басты зейнеткерлер үшін «Добрые обеды» жобасын ұйымдастырушы.
- Гаухар Омарова – мүгедектігі бар балаларға көмек көрсететін «Үміт Үзбеу» қорының негізін қалаушы.
- Айжан Каркенова - дағдарыс жағдайындағы әйелдерге тұрғын үй беретін «Ты не одна» жобасының соавторы.
- Қайрат Сабиров – мүгедектігі бар балалар үшін парахоккей секциясының негізін қалаушы.
- Әсел Қуанышбаеввна – мүгедектігі бар шығармашылық адамдарды қолдайтын суретші және кәсіпкер.
- Бекназар Казиев – волонтер және жасөспірімдерді тәрбиелеуші, экологиялық бастамаларды ұйымдастырушы.
- Тимур Макамбетов – құтқарушы – волонтер және Kislorod_sos_taraz қозғалысының тең құрылтайшысы.
- Әділ Нұрбеков – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын насихаттайтын параатлет пен белсенді.
- Нұрмахан Наурызбаев – жастарды білімге ынталандыратын педагог және тәлімгер.
- Гүлназ Қосмурзиева – «Biz de adambyz» қорының негізін қалаушы, Атырауда инклюзиыті театрдың инициаторы.
Бүгіннен бастап 5 тамызға дейін конкурс сайтында онлайн дауыс беру жүргізілуде. Барлығы қатысушыларды қолдап, мойындауға лайықты адамдарға дауыс бере алады. Бір адам тек бір рет дауыс бере алатынын еске саламыз.
Дауыс беру нәтижесінле үш финалист жаңа BI Group тұрғын үй кешенінде бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлерді алады. Жеңімпаздарға тұрғын үй тұруға дайын күйінде беріледі. Конкурсты бақылап, дауыс беруге қатысуға сайтта болады.
BI Group конкурсқа қатысушыларға шынайылық пен жүрекке жақын тарихтары үшін алғыс білдіреді. Ал қазылар алқасының мүшелеріне кәсібилігі, назары үшің және әділдікпен қарағаны үшін алғыс айтады.