Orynbor Towers тұрғын үй кешенінде қоныстой!

        22 қыркүйек 2018

        Orynbor Towers тұрғын үй кешенінде қоныстой!
        Осыдан бірер күн бұрын ORYNBOR TOWERS тұрғын үй кешені екінші кезегінің салтанатты түрде тапсырылу рәсімі өтті. Құрылыстың барлық стандарттарын сақтай отырып, 22 қабатты үй рекордтық мерзімде - 11,5 ай ішінде тапсырылды. Ол заманауи сәулеттік дизайн бойынша жобаланған, оның холлдарының өз авторлық дизайны бар. Ал пәтерлердің кең көлемді терезелері Сол жағалаудың керемет көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. 

        BI Group Басқарма төрағасы Амангельды Омаров символдық лентаны қиып, жаңа пәтер иелерін бүгінгі айтулы оқиғаларымен құттықтады:
        - Үйімізді мерзімінен бұрын тапсыру - бұл біздің құрылысшылардың еңбегі. Ең алдымен, әрбір тұрғындарға бізге сенім артқаны үшін алғысымды білдіргім келеді! Енді бұл сіздің жеке мүлкіңіз бен ошағыңыз. 10 жыл бұрын бізде мынадай ұран болды: «Клиенттің пәтері оның есігінен басталады!». Қазір сіздің үй аула мен көшесінен басталады! Сондықтан өз үйлеріңізге ұқыпты қарауға шақырамын, ал біздің сервистік компания сіздерге әрқашан көмектесуге дайын!
        - Бұл кешенде - 252 пәтер, 137 көлік орны бар. Үйдің ерекшелігі біздің басқа да тұрғын үй кешендеріндегі секілді – оның қауіпсіз ауласы. Мұнда сондай-ақ, ыңғайлы пәтер жоспарлары, жылдам әрі дыбыссыз лифтілер, кең холл қарастырылған, - дейді жоба жетекшісі Айдан Нарымбаев.
        Бақыт, жаңа пәтер иесі:

        Мен ORYNBOR TOWERS-тан жаңа пәтер сатып алдық, бұл BI Group-тан осымен он бесінші пәтеріміз. BI GROUP компаниясы гүлдене берсін, онымен бірге біз де өсе берейік! Барлық тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтаймын!
        Жаңбыр болған соң, 200-ге жуық отбасы жаңа қоныстарын паркингте атап өтті. Жаңа пәтер иелері үшін шоу-бағдарламалар ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!













        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.