Алаяқтардан абай болыңыз!

23 қазан 2025
Холдинг

Құрметті клиенттер! 

Біз сіздердің бізге артқан сенімдеріңізді бағалаймыз және BI Group компаниясымен байланысу қашанда қауіпсіз әрі ыңғайлы болуы үшін барымызды саламыз. Соған орай маңызды ақпаратқа назар салуларыңызды сұраймыз.

Соңғы уақытта 0770 қысқа нөмірінен қоңыраулар тіркеліп жатыр. Бұл біздің 770 ресми нөмірімізге ұқсас, алайда бұл қоңыраулардың BI Group компаниясына қатысы жоқ, бірақ алаяқтық әрекеттермен байланысты болуы мүмкін.

770 қысқа нөмірі тек клиенттердің хабарласуына арналғанын естеріңізге саламыз. Компания қысқа нөмірлерден өзі хабарласпайды. Байланысу үшін біз тек 8 775 036 0770 нөмірінен қоңырау шаламыз.

Сіздердің ақпараттарыңыз үшін BI Group-тың барлық ресми нөмірлерін еске саламыз:

  • 360 – жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша кеңес алуға арналған бірыңғай қысқа нөмір.
  • 770 – коммерциялық жылжымайтын мүлік, премиум санаттағы тұрғын үй кешендері және шетелдік жобалар бойынша премиум-қызмет көрсету желісі.
  • 8 701 736 0360 / 8 775 036 0770 / 8 7172 360 360 – кері қоңырауға өтінімдер бойынша хабарласатын ресми нөмірлер.

Сақ болыңыздар!

  • қоңырау кезінде автожауап немесе бейтаныс оператордың нұсқауларын орындамаңыз;
  • жеке деректер мен банк реквизиттерін енгізбеңіз және ешкімге хабарламаңыз;
  • күмән туған жағдайда бізбен тікелей 770 нөмірі арқылы (кез келген мобильді оператордан), BI Group-тың ресми цифрлық арналары арқылы немесе өзіңіздің жеке менеджеріңізге хабарласыңыз.

Біз байланыс операторларына ресми сұраныстар жолдап, нөмірлерді бұрмалаудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз.

Назарларыңызға рахмет! BI Group компаниясын таңдағандарыңызға алғыс білдіреміз.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.