Алаяқтардан абай болыңыз

20 қараша 2025
Холдинг

Құрметті азаматтар!

Соңғы уақытта өзін BI Group компаниясының қызметкерімін деп таныстырған немесе біздің атымыздан әрекет етуге тырысқан алаяқтар жиі хабарласады. Сіздерден барынша мұқият болуды сұраймыз.

Кіммен сөйлесіп жатқаныңызды міндетті түрде тексергеніңіз жөн. Өзін қызметкер ретінде таныстырған адамның аты-жөнін және лауазымын сұрап біліңіз, сонымен бірге фирмалық логотиптер мен ресми стильге назар аударыңыз.

Атап өтуге тұратыны, желіде BI Group құрылыс нысандарына жұмысқа орналастыру туралы жалған хабар тараған. Алаяқтар компания атынан бос жұмыс орындары бар деп жариялап, адамдарды жаңылыстыруда.

Біздің компанияның бұған еш қатысы жоқ. Ашық позициялар туралы нақты ақпарат тек ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Бос орындар туралы ақпаратты мына электрондық пошталар арқылы сұрай аласыз: [email protected] және [email protected] (Персоналмен жұмыс департаменті)

Біздің сайт: https://bi.group/ru/company 
Ресми нөмір: +7 (701) 736 0 360

Сонымен қатар, фишингтік сайттардан аулақ болыңыз. Егер сілтеме күдік тудырса, оны қайта тексерген дұрыс немесе бірден бізге хабарласыңыз.

Біз сіздердің қауіпсіздігіңізді ойлаймыз және барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз.

Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз!

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.