Сыйлыққа паркинг!

«7Я» тұрғын үй кешенінің 4-2 блогынан үш бөлмелі пәтерді 100% бағасын төлеп алсаңыз, паркинг сіздікі!
Айтпақшы, бұл жаңа блок 7 қаңтарда тапсырылды. 24 қабатты үй басқа блоктармен ұқсас: 4 заманауи лифт, сапалы сыртқы есік, дыбыс өткізбейтін қабырға мен еден және бір қабатта 6-ақ пәтер.
Бақыт менеджері Георгий Чаркин, әсіресе оңтүстік өңірлерден келген клиенттер төменгі қабаттарды, ал басқалары керісінше, жоғарғы қабаттардан пәтер таңдағанды жақсы көреді дейді. Әрине, жоғарыдан қаланың керемет көрінісі ашылатынын да ұмытпаған жөн.
Тағы бір ерекшелігі – клиенттердің көбі дайын пәтерлерге тапсырыс беруде. Неге десеңіз, компания жөндеу жұмыстарын сапалы жасап береді, оған уақытыңызды жұмсап, бас ауырпайсыз. Оның үстіне, жөндеу жұмысына 1 жыл кепілдігі бар. Сондай-ақ, тиімді төлеу шарты, банктен несие арқылы.
BI Development бас директоры Максим Чернышов Руслан Сәдуақасов бастаған жоба командасына алғысын айтты. Жаңа пәтер иелері де өз пікірлерімен бөлісті.
Светлана Кузнецова:
- Қызымыз осы үйдің бесінші блогыда тұрады, сондықтан жақын маңнан пәтер алуды шештік. Үй бірдей болады деп ойладым, ал мұнда одан да жақсы. Үйдің орналасқан жері ұнайды.
Қуаныш:
‒ BI Group компаниясына 2019 жылы жаңа жобалар, бақытты клиенттердің көп болуын тілеймін!