IQanat түлектеріне ең үздік компаниялардың HR мамандары неліктен орын брондайды?

Iqanat-тың елордада өткен бірінші форумының қатысушылары «ақылды инвестициялардың» тиімділігін, әсерлі нәтижелерін, сондай-ақ Қордың жоспарларын талқылады.
Қазақстандық 5 мың ауылдан шыққан 40 мыңнан астам оқушы жыл сайын ең ірі білім беру қоры IQanat өткізетін олимпиадаларға қатысады. Бірнеше жүздеген үздік бала IQanat High School of Burabay (IQHSB) мектебіне тегін оқуға қабылданады. Биылғы академиялық жылдан бастап IQanat олимпиадасының 10 мыңнан астам финалисі өзін-өзі бағалауды дамыту және арттыру бойынша жыл сайын өткізілетін тренингке қатысатын болды. IQHSB алғашқы түлектері 50-ден астам халықаралық, сонымен қатар қазақстандық университеттерден шақырту алды. Қор жұмысы мен меценаттардың қолдауының арқасында ауылдан шыққан жүздеген IQHSB мектебінің түлектері грант иегері атанды. Жобаны өз жерлестеріне көмек көрсетуге бел буған 63 қазақстандық кәсіпкер қаржыландырады.
IQanat қорының қамқоршылары қатарына кіруі үшін қаржылық шекті төмендету
туралы қамқоршылардың шешімі форумның басты жаңалығы болды. Ауыл мектебіне
жылдық жарна мөлшері бастапқы жарнаға дейін 385 000 теңгеден бастап
төмендетілді. Осылайша, бүгіннен бастап орташа табысы бар әрбір қазақстандық азаматтың
ауылдан шыққан дарынды оқушыларға қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар.
Қамқоршыларды қолдау:
Жалпы алғанда, IQanat қорының 63 қамқоршысының өткен академиялық жылға арналған бюджеті 450 млн теңгеден асты, ал биылғы жылға ауыл балаларын трансформациялауға 800 млн теңгеге жуық қаражат салу жоспарланған.
Форумға Сергей Кан, Байжан Қанафин, Тимур Турлов, Ерлан Исекешев, Ғазиз Құсайын, Андрей Лаврентьев, Зухра Оразова, Оксана Ушкевич, Рүстем Усманов, Әнуар Сүлейменов және басқа да филантроптар, сондай-ақ IQHSB мектебінің түлектері қатысты.
Қазақстандық HR-лар айқанатшыларды «резервке қояды»:
«Мамандыққа жол: мектеп оқушысынан компания қызметкеріне дейін» секциясы форумның басты тақырыбы болды. Lancaster Group, BI Group, GRATA INTERNATIONAL, Аллюр компаниялар тобы, СЕВКАЗЭНЕРГО, Астрон Групп және басқа да 30 ірі және ең қалаулы компаниялардың рекрутингі қазірдің өзінде-ақ жұмыс іздеушілер үшін өз департаменттерінде айқанатшыларға орындарды брондап қойды. Осылайша, ауылдан шыққан оқушылардың өздерінің болашақ лауазымдық жолы туралы ұғымы болады, өйткені әрбір айқанатшы оқудан кейін жұмысқа орналасуға және Қазақстанның жетекші компанияларында тағылымдамадан өтуге басым құқыққа ие.
Тәлімгерлік институты:
«IQanat
жүйесінде тәлімгерлік институтты дамыту» форумның қорытынды секциясы болды.
Биыл
бағдарламаға академиялық және лауазымдық жетістікке жеткен 83 тәлімгер қосылды,
олар қамқоршылармен қатар олимпиадаларға қатысушыларды қолдап, балаларға
өздерінің жетістіктерін үлгі ретінде таныстыратын болады.
Форум қонақтарының арасында тәлімгерлерден Connected Home Ltd компаниясының
директоры Мұхтар Қуанышбайұлы, «QWANT» бағдарламалау мектебінің жетекшісі
Бейбарыс Өмірбаев және басқа да көптеген тәлімгерлер бар.
Қордың
тәлімгерлері мен қамқоршыларының қатары ай сайын толығуда, қор одан әрі
ынтымақтастық орнату жөніндегі кез келген ұсынысты қарауға дайын.