Прорвада жаңа вахталық лагерь пайдалануға берілді

Прорвада жаңа вахталық лагерь пайдалануға берілді
Прорвада жаңа қоныс! Атырау облысындағы BI Group холдингінің ең алыстағы жобасында, «Велесстрой» және «Теңізшевройл» компанияларының қызметкерлері үшін «Оңтүстік» вахталық лагері құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. 2 кеңсе орынжайы, қызметкерлерді бейімдеу орталығы, 8 тұрғын үй блогы, 300 орынды асхана, жаттығу орны және ресепшн пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 39000 шаршы метрді құрайды, объекті Теңіз вахталық кентінің қоршауынан солтүстік жағынан орналасқан. Келісімшарттың құны 5,3 млрд теңге. Жоба құрылысы биылғы жылдың 31 тамызында аяқталады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, қазір ТШО қызметкерлері тұрғын үйлерге қоныстанып, жаңа кеңселерге орналасуда. Естеріңізге сала кетейік, "Велесстрой" қызметкерлері үшін вахталық қалашықтың құрылысы мұнай кен орнында 3GI (3 Generation Gas Injection Plant) жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілді, онда біздің Холдинг ресейлік компаниямен бірлесіп металл конструкциялары, цехтар мен басқа да металл объектілерін, атап айтқанда, құбырларды құрастыру бойынша жұмыстарды орындайтын болады.