Yıldırım Holding Qazaq Soda зауытын салу туралы келісімшартқа қол қойды

        14 қыркүйек 2021

        Yıldırım компаниялар тобы Қазақстанда кальцийленген өнімдер шығаратын бірегей зауыт салу туралы келісімшартқа қол қойды. Qazaq Soda жобасын жүзеге асыру туралы келісім Стамбулда Yıldırım Holding, CAMCE, SemArco (BI Group инновациялық құрылыс холдингі компаниялар тобының және EPC Archirodon халықаралық тобының құрамына кіреді) мен Dalian Dehua консорциумы арасында жасалды. Ал қыркүйек айының соңында Жамбыл облысының Сарысу ауданында іске қосылатын стратегиялық маңызды нысанның алғашқы тасы қаланбақ.

        Бұл шыны, химия, металлургия, тау-кен және тоқыма өнеркәсібі үшін қажетті кальцийленген сода өндірумен айналысатын елдегі алғашқы кәсіпорын. Жобаны іске асыру $400 млн-ға бағаланып, зауыт құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

        Бастапқы кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың тоннаны құрайды, ал кейіннен өнім алу 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл Қазақстанға кальцийленген сода импортынан құтылуға және Қытай, Түркия, АҚШ және Ресей сияқты жетекші әлемдік өндірушілермен бір қатарға тұруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, республика ішкі қажеттіліктерді толығымен жауып қана қоймай, келешекте де Батыс Қытай мен ТМД елдеріне экспортқа жеткізуді бастайды.

        Зауыт құрылысына негізінен жергілікті тұрғындар арасынан 1000 маман жұмылдырылады, ал пайдалануға берілгеннен кейін Qazaq Soda химия өнеркәсібінің ірі объектісі 1300 тұрақты жұмыс орнын ашады.

        Зауыттың бірегейлігі – экологиялық таза, қалдықсыз технологиялар енгізілуінде. Негізгі өнімнен басқа жыл сайын дистилляциялық шламнан жанама өнімдер - 500 мың тонна шикі CaCl2 және 100 мың тонна тұз өндіріледі. Кәсіпорынның кальцийленген сода өндірісі кезінде қалдықтарды кәдеге жарату және процесті жетілдіруге байланысты бес жеке патенті бар.

        2013 жылдан бастап Yildirim Holding Қазақстанға $500 млн астам доллар инвестициялаған.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.