Революциялық IT-құрал Холдингке жер банкын басқаруға көмектеседі

BI Innovation қызметкерлері Land Planner деп аталатын теңдесіз ішкі өнімді жасап шығарды. Бұл жер активтерін басқаруға бағытталған инновациялық цифрлы құрал. Ол бизнеске жер телімдерімен жұмыс істеуде тиімділікті арттыруға, қатерлерді азайтуға және дұрыс инвестициялық шешім қабылдауға көмектеседі. Өнім авторлары – Артур Бекмұханбетов, Қайсар Оңлабаев, Дияр Байсалов және Айнұр Өтемісова ҚР Әділет министрлігі жанындағы Ұлттық зияткерлік меншік институтында өнімнің авторлық құқығын тіркеді.
Жер телімдері стратегиялық жоспарлау, инвестициялау және құрылыс үшін маңызды актив. Бұрындары жер активтерін талдау және есебін жүргізу бір-бірімен байланыспаған бірнеше жүйенің көмегімен, картаға түсірілмей жүзеге асырылатын, бұл өз кезегінде дереккөздерден ақпарат жинауда қиындық тудырып, қателіктер туындатып, тиімсіз басқаруға, жіберіп алған пайдаға әкеліп соғатын.
Land Planner бұл мәселені жер банкын соңғы деректермен, аналитикамен және стратегиялық жоспарлау құралдарымен толықтырып, біркелкі экожүйе құра отырып шешеді.
Өнім корпоративті активтер бөлімінің қызметкерлеріне (жобалардың есебі және жоспарлау), бухгалтерия және салық бөліміне (автоматты түрде есептеу және түсімдердің дұрыстығы), инвестициялар бөліміне (жер телімдерінің нарықтық бағасын талдау) және компания басшылығына (жаңа өнімдер, активтерді сатып алу не сату бойынша дұрыс шешімдер қабылдау) бағытталған.
Land Planner жобасының басты артықшылығы – жер телімдерін өнім циклының кез келген кезеңінде жер мен инженерлік желілердің даму перспективасын талдай отырып көрсету, есепті автоматизациялау үшін мемлекеттік реестрлармен интеграциялау мүмкіндігі (Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастры), стратегиялық жоспарлау және активтердің құнын бағалауға арналған дашборд, өтімділігі төмен учаскелердің санын 2027 жылға дейін 30%-ға қысқарту, сонымен қатар жалға алуды, салықтық төлемдерді және нарықтық бағалауды бақылау.
Land Planner пилоты 2024 жылдың IV тоқсанында тестілеуден өтті, ал өнімнің алғашқы нұсқасы 2025 жылдың қаңтарында іске қосылды. Қарқынды даму мен өзге ақпараттық жүйелермен интеграция 2027 жылға дейін жалғасады. Бұл жүйе компанияларға жер банкын тиімді басқарып қана қоймай, активтердің табыстылығын талдау мне стратегиялық жоспарлау есебінен арттыруға мүмкіндік береді.