Sauran Towers – оқиғалар ортасында

        15 қыркүйек 2018

        Sauran Towers – оқиғалар ортасында
        Sauran Towers тұрғын үй кешенінің жаңа тұрғындарының демалыс күні қуанышты жаңалықтардан басталды: күздің жаймашуақ жылы күні және көптен күткен тұрғын үй кешенінің тапсырылуы. Сонымен бұл тұрғын үй кешені несімен ерекше, бұл жайында жоба жетекшісі айтып берді.
        Жоба жетекшісі Асқар Шайзин: «Sauran Towers тұрғын үй кешені - екі 18 қабатты ғимараттан тұрады. Онда барлығы 260 пәтер бар. Біз оны жоспарланған 16 айда емес, 13 айда салып бітірдік. Біз үй фасадына австриялық өндірістің жаңа материалын қолдандық ‒ FunderMax. Ол екі түсті гранит пен терракот плиткасымен бірге керемет үйлесім тапқан. Бұл кешеннің сатылымы аяқталды. Онда тек екі пәтер ғана қалды».
        Бұл тұрғын үй кешенінде BI BookCrossing деп аталатын кітап сөресі бар. Оған кез келген тұрғын өзінің оқыған кітаптарын қоюына болады. Осылайша тұрғындар бір-бірімен кітап алмасып, оқығандарымен бөлісе алады.
        «Бүгін алғаш рет өз пәтерімді көріп отырмын. Таңдау кезінде спорт орталықтарының үй жанында болғаны мен үшін маңызды болды. Біз бұл пәтерді сатып алу үшін ұзақ жұмыс істедік! BI Group, шын мәнінде, клиенттерін бақытқа бөлей алады", ‒ Нұрсеитовтар отбасысының отағасы.
        «Баламызға пәтер сатып алдық. Осы ауданда тұрып жатқанымызға 10 жыл болып қалды. Үйдің орналасқан жері ұнады, қажеттінің бәрі үйден бірер қадам жерде. Бірінші пәтерімізді 2005 жылы сатып алдық, осы 13 жылда компанияның үйлері жылдан-жылға дамып келеді, өз сервистік қызметі бар, әр үйінің өз ерекшеліктері бар», - дейді Бекпаловтар жанұясы.
        Барлық жаңа пәтер иелеріне бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Жаңа қоныс құтты болсын!

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.