Бақыттың кілті - 4YOU тұрғыны болуда

        20 желтоқсан 2022

        Алматыда «бизнес» санатындағы 4YOU тұрғын үй кешенінің үшінші кезегі тапсырылды. Жаңа пәтер кілтін 200-ден астам меншік иесі қолына алды.

        BI Group компаниясының жаңа ғимараты ыңғайлы инфрақұрылымы бар мегаполистің қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан. Бұл қаланың жоғарғы бөлігіндегі тыныш жер ғана емес, сондайқ жаңа орталық.

        Таяу маңда Magnum Cash & Carry, Mega Center Almaty, Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, сондай-ақ көптеген мейрамханалар, дүкендер, ауруханалар және басқа да нысандар бар. Мұнда инфрақұрылым алдағы уақытта да дамитын болады. Мысалы, жақында Радостовец көшесінің бойында жаяу серуендеуге, велосипед тебуге болатын ыңғайлы саяжол салынады.

        Тұрғындар өз қалауы бойынша қозғалыс, судың ағып кетуі мен өрт дабылына арналған датчиктерді және т.б. қамтитын Connected Home опцияларын қосымша орната алады. Бұл технологиялар бөлмелердегі қолайлы температура мен ылғалдылық деңгейін қадағалауға, сонымен қатар сүйікті әуеніңізді қоюға және оны ауыстыруға мүмкіндік береді.

        Сондай-ақ, аумақта әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, workout аймағы қарастырылған. Ағаштар мен бұталар отырғызылып, автоматты суару жүйесі іске қосылған.

        Құралай, 4YOU ТҮК тұрғыны:

        Алақай! Отбасымызбен үй кілтін алатын күнді асыға күттік! Бұл - біздің алғашқы пәтеріміз. Жаңа жылға дейін көшуді армандадық және біздің тілегіміз қабыл болды! Енді біз 2023 жылды отбасымызбен осында, өз үйімізде қарсы аламыз!

        Естеріңізге сала кетейік, 4YOU жобасының құрылысы 2019 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Кешен комфорт және бизнес санаттағы 4 кезектен тұрады.

        Тұрғын үй кешені туралы толық ақпаратты BI Group-тың сату бөлімдерінен, 360 қысқа нөмірі бойынша, компания сайтынан немесе Instagram-дағы @bi.group.almaty ресми парақшасынан алуға болады.

         

         

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.