Экологиялық тазалыққа және мектептердің жақын орналасуына баса мән беру – Астанада пайдалануға берілген кешендердің тағы қандай ерекшелігі бар

        30 қараша 2022

        Астанада бірден екі тұрғын үй кешені – Greenline.Terra және Бестерек-6 пайдалануға берілді. Елорданың сол жағалауынан 750-ге жуық отбасы пәтер кілтін алды. BI Group құрылыс компаниясының жаңа жобаларының тұжырымдамасы үйлердің сыртқы беттерінің түсінен аулаларды безендіруге дейінгі барлық деңгейде жайлылықты қамтамасыз ету қағидатына негізделген.

        Greenline.Terra – мектеп үйдің жанында

        Нысан – Тұран, Сығанақ, Мұхамедханов және Е-305 көшелерінің алаңында орналасқан ауқымды GreenLine бигвилінің бір бөлігі. Бұл аумақтың ең тартымды жері сулы жасыл бульвардың жалғасы болып табылатын өз Арбатының болуы. Сондай-ақ 10 шақырымдық веложол төселіп, 5 ойын орталығы құрылады. Бигвилль тұрғындарына арналған үш инновациялық мектеп бар, олардың бірі қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқан - Quantum STEM School.

        Үй әртүрлі қабаттан (9,14, 20) және тек бір кезектен тұрады. Жылжымайтын мүліктің ауданы – 40-тан 125 ш.м., әр қабатта 4-5 пәтер орналасқан. Нысанның қаңқасы монолитті, сыртқы беті үшін ауа температурасының өзгеруінен және ультракүлгін сәулесінен бұзылмайтын талшықты цемент панельдері қолданылған.

        Besterek 6 – тұрғын үйдің жаңа түрі

        Қасым Қайсенов, Фариза Оңғарсынова және Тұрар Рысқұлов көшелерінің арасында орналасқан үй – 6 кезектен тұратын үлкен жобаның бір бөлігі. Дәл қасында екі BINOM мектебі, сонымен қатар жақын жерде №88 мектеп-лицей және БИЛ бар. 10 минуттық жерде Ботаникалық бақ, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Mega Silk Way СОО, НЗМ және АХҚО орналасқан. Сонымен қатар әкімдік тұрғындардың тыныштықта әрі уақыттарын пайдалы өткізетін Нұра-Есіл каналының жағалауын абаттандыруды да жоспарлап отыр.

        Besterek тұрғын үй кешенінде terrace және smart house форматындағы ерекше пәтерлердің саны шектеулі. Олардың артықшылықтары – еркін жоспарлануында, төбелерінің биіктігі 3.82 метрге дейін болуы және бағасының да тиімділігі. Terrace house-тардың 11 шаршы метрге дейінгі жеке террассалары бар.

        Сегіз-тоғыз қабатты үйдің қаңқасы кірпіштен қаланған. Сыртқы бетіне желдетілетін топсалы панельдер қолданылған. Үш қабатты әйнегі бар металл пластикалық терезелер орнатылған.

        Комфорт+ класты үйлерде төбенің биіктігі – 3 метр, терезелер мен есіктердің биіктігі де ұлғайтылған. Жобада дыбыс оқшаулау үшін Daewoo Engineering компаниясының оңтүстік кореялық мамандарымен бірлесіп әзірленген Acoustic Pro технологиясы қолданылды. Пәтерлерге кіретін есіктер электр құлыптарымен (саусақ ізімен кіру) және IP домофонымен жабдықталған. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бесік арбаларын қоятын орын, ал жабық көлік тұрағында велосипед тұрағы мен қоймалар қарастырылған.

        Екі жоба да «көліксіз аула» тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Greenline.Terra-да ойын алаңы тартанмен жабылған, балаларға арналған экологиялық таза кешендер, сонымен қатар шығармашылық үшін грифель қабырға орнатылған. Besterek-6-да демалыс аймағынан бөлек workout аймағы да бар. Аулалар ландшафтық дизайнда әзірленген, табиғатқа жақындық пен қаланың жайлылығының тепе-теңдігін сақтай отыра, жасыл желектің түрі-түрі егілген.

        Greenline.Terra және Besterek тұрғын аудандарында жылжымайтын мүлік пен коммерциялық үй-жайларды сатып алу үшін BI Group компаниясының сату бөлімдеріне, сонымен қатар 360 қысқа нөміріне (ұялы телефоннан тегін) хабарласыңыздар.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.