Ақ қызғалдақтар Алматыдағы жаңа тұрғын үй жобасының символына айналды

17 сәуір 2023
BI Development
0

Алматыда қаланың ең жарқын кешендерінің бірі - Gulder тұрғын үй кешенінің соңғы кезегінің тұрғындарына пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Бұл үй Наурызбай ауданында, Райымбек даңғылында орналасқан. Тиімді орын тұрғындарға мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, гипермаркеттерге, Aport Mall және Azia Park сауда-ойын-сауық орталықтарына тез арада жетуге мүмкіндік береді, барлық маңызды нысандар жақын жерде орналасқан.

Тұрғын үй кешені 4 кезектен тұрады, олардың әрқайсысының өз атауы бар: Ádemi gúli махаббат пен сұлулықты, Taý gúli - үйлесімділік пен тыныштықты, Dala gúli - қуаныш пен жылулықты, ал Orman gúli - достық пен мейірімділікті білдіреді.

Жобаның қаңқасы монолитті темірбетоннан жасалған, қасбетте сәндік сылақ қолданылады, оның көмегімен кезектердің бірінде ақ қызғалдақтар бейнеленген әдемі мурал жасалды. 

Төртінші кезектегі жабық ауланың алаңы 4 мың шаршы метрді алып жатыр. Мұнда қазақстандық өндірушінің ойын кешендері мен шағын сәулет нысандары орналасқан. Спорт алаңы – workout-қа арналған алаң бар, ал кешкі серуендер үшін жайлы орындықтар бар. Әрине, Gulder деп аталатын тұрғын үй кешенінің аумағында көгалдандыру кеңінен жүргізілді - бұталар, арша, раушан, туя және басқа да өсімдік түрлері отырғызылды.

Соңғы блокта клиенттерге ауданы 38-ден 85 ш.м. дейінгі 158 пәтер берілді. Смартфонның көмегімен есік ашуға мүмкіндік беретін арнайы жүйе орнатылған. Сондай-ақ, артықшылығы – әрлеу жұмыстары жартылай тәмамдалған: тегіс ағартылған қабырғалар, едендегі стяжка, электр сымдары, терезе төсеніштері және кіреберіс есіктер.

Бүгінгі таңда аяқталған жобада соңғы пәтер сатылымда. Оны Отбасы банктің «Жеңіс» бірегей ипотекалық бағдарламасы бойынша сатып алуға болады. Gulder тұрғын кешені және BI Group құрылыс компаниясының басқа жобалары туралы толық ақпарат алу үшін сату бөлімдеріне хабарласыңыз немесе 360 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін).

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.