Елордада 277 отбасы пәтер кілтін алды

        19 желтоқсан 2022

        Биыл 277 қазақстандық отбасы үшін Тәуелсіздік күні қос мерекеге айналды. Қоныс тойын тойлаушылар Jetisu бигвиллінде орналасқан Jetisu.Lepsi тұрғын үй кешенінің бірінші және екінші кезегіндегі пәтерлерінің кілттерін қолдарына алды.

        Уақыт – құнды ресурс

        Jetisu бигвиллі көлік қозғалысы дамыған ауданда орналасқан. Жаңадан ашылған Ұлы Дала даңғылындағы көпір тұрғындарға жайлылық сыйлады. Енді жаңа теміржол вокзалына небәрі12 минутта, ал MEGA Silk Way СОО мен «Әзірет Сұлтан» мешітіне  15 минутта жетуге болады. Сондай-ақ, келесі жылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір ашылады, ол оң және сол жағалау арасында бұдан да ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

        Аумақта маңызды нысандардың құрылысы жоспарланған: инновациялық мектеп (жаяу қашықтықта), сауда үйі және абаттандырылған саяжол. Әрине, бұл тұрғындарға жолға кететін уақытты үнемдеп, отбасымен және достарымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

        Жайлы, жарық және қауіпсіз

        Комфорт+ санатындағы үй фасады талшықты цемент панельдері мен қаптама кірпіштен, ал қанқасы монолитті темірбетоннан тұрады. Әрбір алаңда ауданы 35-115 шаршы метр болатын 4-8 пәтерден бар. Олардың әрбіріне кондиционерлерге арналған себеттер, электр құлыптары және IP-домофон орнатылған. Төбелердің биіктігі – 3 метр. Екі метрлік терезелер бөлмені кең, жайлы және жарық етеді. Пәтерлердің қабырғалары мен едендері тегістеліп, элект сымдары жүргізілген қалыпта негізгі әрлеу жұмыстары атқарылып тапсырылады.

        Jetisu.Lepsi ауласының жобасы барлық жас топтары үшін қауіпсіз жабыны бар заманауи ойын және спорт алаңдарымен қамтылған. Көлеңкеленген күркелерде отырып демалуға, кітап оқып, уақытты тиімді өткізуге болады.

        «Тұрғын үй кешені үш кезектен тұрады, оның құрылысы ресми түрде 2021 жылдың шілдесінде басталды. Бүгін біз бірден екі кезекті тапсырдық. Қазіргі уақытта үшінші кезекте фасад және әрлеу, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Пәтер кілттерін 2023 жылдың ақпан айының соңында беруді жоспарлап отырмыз. Үй құрылысының сәтті шығуына бар күш-жігерімізді салдық, еңбек ақталып, кешен тұрғындарымыздың көңілінен шығады деп үміттенеміз!», - деп атап өтті жоба басшысының орынбасары Тимур Ернеев.

        «Мен өз таңдауыма дән ризамын, кешен өте әдемі болып шықты. Қуанышымда шек жоқ. Мереке құтты болсын! Әрбір отбасыға жақсылық, молшылық және бақыт тілеймін!», - деп қоныс тойын тойлаушы Сымбат өз әсерімен бөлісті.

        «Бүгін біз үшін өте қуанышты, әрі ерекше күн. Jetisu.Lepsi өзінің орналасқан жерімен бірден көңілімізден шықты. BI Group өте сенімді компания, оған бірнеше рет көзіміз жетті. Осындай керемет үй үшін құрылысшыларға мың алғыс. Біз бақыттымыз!», - деді Төлжановтар жанұясы.

        Jetisu.Lepsi тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алу  үшін BI Group сату бөлімдеріндегі мамандарға жүгінуге, сондай-ақ 360 қысқа нөміріне хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін).

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.